«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Іскер әйелдер кеңесі компания бухгалтерлері үшін семинар ұйымдастырды

2017 жылғы 11 Мамыр
- Батыс Қазақстан облысы
8941 просмотров

Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі бизнес субъектісіне арнап оқыту семинарларын ұйымдастыруды жалғастырып келеді

Бұл жолы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы семинар ұйымдастырушылары 1 шілдеде бастап міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру енгізілуіне орай жеке кәсіпкерлер мен қала кәсіпорындарының бас бухгалтерлеріне бухгалтерлік есепті түсіндіруді мақсат тұтты.

Жұмыс берушілер мен қызметкерлер үшін маңызды оқиғаның орын алатын уақыты жақындап келеді. Алайда медициналық сақтандыру қорына жарна аудару процедурасына қатысты сауалдар толастар емес. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды дейді бухгалтерлер. Сондықтан айыппұл мен дұрыс есептемеу орын алмас үшін, әрбір ақпарат алу мүмкіндігіне дән риза.

«Осындай іс-шараларды жиі ұйымдастыру керек. Ақпарат уақытылы жетпейді, сондықтан бухгалтерлер қателік жіберіп жатады. Бұл мәселенің біз үшін маңызы зор. Іскер әйелдер кеңесіне назар аударып, осындай семинардың қажеттілігін ескеріп, шақырғандары үшін көп рахмет айтамын», ­- деді «Дида LTD» ЖШС бас бухгалтері Лейла Ташебаева.

Бухгалтерлерге арналған оқыту семинарын БҚО кәсіпкерлер палатасының тікелей қолдауымен «Бизкон Уральск» консалтингтік компаниясы ұйымдастырды.

Семина барысында қатысушыларға міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру қорына аудару, ұстап қалу тәртібін таныстырып, қандай кірістерде аударымды ұстау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ мөлшерлеме көлемі, уақыты аударым мен жарна төлемегені үшін қандай жауапқа тартылатындығы да айтылды.

Сонымен қатар, декларация толтырылған кезде аударымдарды көрсету тәртібі де талқыланды.

Тегін семинарға бухгалтерлік есеп жүргізу мәселесі қызықтыратын жеке кәсіпкерлер мен қаладағы ірі және өзге де кәсіпорындардың бухгалтерлері қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер