«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанның энергетика саласында ұзақ мерзімді жоспарлардың болмауы жұмысты тежеуде

2017 жылғы 12 Желтоқсан
10106 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқалығының Энергетика комитеті отырысында экологиялық мәселелер талқыға салынды

Алмасадам Сатқалиев төралқалық еткен іс-шара 12 желтоқсан күні «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Елдос Рамазанов, салалық одақ өкілдері, мемлекеттік органдар және кәсіпкерлердің қатысуымен өтті.

Отырыста «Самрұқ-Энерго» АҚ Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны сақтау департаменті басшысы Сәкен Қожабеков энергия өндіруші кәсіпорындарды үлестіру мәселесін көтерді. 2018 жылдың 1 қаңтарында «Жылыжайлық газдарды шығару үлестері» ҚР Экологиялық кодексінің 94-2 бабы күшіне енеді.

«Егер электр станциясы өндіріс көлемін ұлғайтатын болса, қосымша үлестерге өтініш беруге құқылы. Оларды жалпы саны 35 млн-ды құрайтын сақтау қорынан бөлетін болады. Алайда, «мұнайгаз» секторының операторлары сақтау қорларынан қосымша үлестерді бірнеше миллион бірлікке дейін алуды жоспарлауда. Соның ішінде, «Самрұқ-Энерго» АҚ Еншілес және тәуелді қоғам 15 млн тонна. Сәйкесінше, қор жаңа қондырғылар үшін және үлестерді аукционда сатуға есептелгендіктен барлығына жетпей қалуы мүмкін. Бөлінген көлемді қайта қарастыру қажет», – деп мәлімдеді Сәкен Қожабеков.

Үлестердің жетіспеушілігі 24 млн тонна екендігін ескере, 35 млн тонна көлемін Энергетика министрлігі есептеулерді ескере бекіткен болатын. Отырыста ведомства өкілі Сабыр Асылбеков үлестер барлығына жету үшін беру тәртібіне сәйкесінше өзгерістер енгізіп, қор көлемін қайта қарастыруға дайын екендігін айтты.

«Kazenergy» Бас директоры Әсет Магауов жылыжайлық газдарды реттеу жүйесі шығарылуы 55% болып, қалғаны үлестер берілмейтін салаға беріледіндігін айтты.

«Яғни, мақсатымыз ­– үлестерді қосу және саланы реттеу мен бақылауды қатайту. Сонымен қатар, реттелмеген сала көрсеткіші тоқтаусыз өсуде. Станциялардың қолданылатын электр энергиясының көлемін өндіретіндіктен жылыжайлық газдарды реттеу шараларын реттелмеген салада қарастыру қажет деп санаймыз. Бұл арада энергия тиімділігін арттыру, энергия қолданысын төмендету, энергия мен жылу жоғартуды азайту мақсатымен салынған ғимараттар құрылысының ережелерін қайта қарау мәселелеріне назар аудару қажет», – деді Әсет Магауов.

«Kazenergy» Бас директоры ұстанымын «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Елдос Рамазанов қолдап сөз сөйледі. Экономикада энергия тиімділік пен энергия үнемдеуді арттыру бойынша жұмысты жандандырып, Комитет мүшелерін Татарстан мен Балтық жағасындағы елдердің жақсы көрсеткіштер берген тәжірибесін зерттеу барысына қосылуға шақырды.

Қазақстандық Электр энергиялық қауымдастығының төрағасы Шаймерден Уразалинов Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтары мен көмір артуының тұрақты дамуы жайында мазалайтын ойларымен бөлісті.

«Неге қарсы күрес бастадық? Көмір станцияларының жылыжайлық газдарымен. Бізде кемдегенде 300 жылға арзан көмір, яғни, бизнес пен халыққа қолжетімді арзан электр энергия бар. Бұл арада экологтар жылыжайлық газдардың шығуына байланысты талаптарды қаталдатуда. Бұл арқылы көмір тудыруды жоқ қыламыз ғой!», – деді Шаймерден Уразалинов.

«Талқылаудың қызу болуы Министрлік тарапынан болашақта саланы дамыту бойынша нақты көріністің болмауынан. Қолдау мен шектеу бойынша қандай іс-әрекеттер жасалады? Орта есеппен жасалатын жоспарлауды берудің мүмкіндігі жоқ. Ұлттық міндеттер мен экономикалық әлеуетін ескере Қазақстанның төмен көміртекті даму бағдарламасын дайындау қажет», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқалығының Энергетика комитетінің Төрағасы Алмасадам Сатқалиев.

Жаңадан енгізілген электр қондырғыларға энергия сараптамасын жасауды міндеттеу қажеттігі мәселесі қызу талқыланды. «Doing business» рейтингін жоғарылату мен электр желісі бойынша рәсімдерді жеңілдету аясында аталған норма алынып тасталды. Қазақстандық энергетикалық аудиторлардың қауымдастығы басқарма мүшесі Марат Есекиннің ойынша алып тастау жаңа объектілердегі қауіпсіздігін және электрмен жабдықтауды сенімді етеді.

ҚР Энергетика минстрлігінің Энергетикалық бақылау мен қадағалау комитетінің төрағасы Абай Шанғытбаев басқа көзқарасты ұстануда.

«Аталған норманы Ұлттық палата алаңында бірнеше рет талқыға салдық. Біздің ойымызша, сараптама артық болып табылады. Жаңа нысандарды қолдануға рұқсат беру бойынша бірнеше кезеңдер бар. Ол жерде электр қондырғыларға қандай талаптар қойылу қажеттігі сынды барлығы егжей-тегжей жазылған. Қазіргі таңда кәсіпкер нысанды қолдануға бермес бұрын барлық инженерлік инфрақұрылым бойынша техникалық талаптарды алады. Талаптарды орындамай кәсіпкер электр желісін алуы мүмкін емес», – деп мәлімдеді  Абай Шанғытбаев.

Қазіргі таңда Министрлік электр желісіне қосылу рәсімдерін қысқарту бойынша жұмысты жалғастыруда. Желіге қосылудың екі жолы бар.

«Ұлттық палата бизнеспен ауқымды талқылаулар жүргізуге әрдайым дайын. Шағын және орта бизнеске қаржылай ауыртпашылықтар түсіру, бөгерттер мен әкімшілік кедергілерді төмендетуге бағытталған шараларды әрдайым қолдауға дайынбыз», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Елдос Рамазанов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер