«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасында жаңа басшы

2018 жылғы 01 Ақпан
- Батыс Қазақстан облысы
8149 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқармасы шешімімен, Өңірлік кеңестің мақұлдауымен Батыс Қазақстан облысының Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директоры болып Сәкен Қарин тағайындалды

Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының жаңа директоры – бизнес өкілі, кәсіпкерлердің мүддесін жақсы түсінетін маман.  

 Сәкен Қарин екі жоғары білімі бар, Батыс Қазақстан Аграрлық университетінің экономика және менеджмент факультетін тәмамдап, сонымен қатар Қазақ гуманитарлық-заң университетінде заңгер мамандығын меңгерген, ол «Finex-Audit» ЖШС компаниясын 8 жыл басқарды, «Батыс Қазақстан облысы салық төлеушілер қауымдастығына» жетекшілік етті.

2007 жылдан бастап сот органдарында заңдық және өкілеттік қызмет көрсету бойынша жеке бизнесті жүргізіп келеді. Сонымен қатар Сәкен Қарин мұнай саласында да тәжірибесі мол маман,  «Жайықмұнай» ЖШС, БҚО Салық комитетінде жұмыс атқарған.

БҚО Өңірлік кеңес төрағасы Валерий Жүнісов жаңа директорды бизнес-қоғамдастық пен Өңірлік кеңес ұжымына таныстыра отырып, Сәкен Қаринге қызметте табыс тілеп, палата алдыңдағы негізгі міндеттерді атап өтті. Оларды шешу өңірдегі бизнес ахуалды және кәсіпкерлік ортаны қалыптастыруға жол ашады. Өз кезегінде Өңірлік кәсіпкерлер директоры ҰКП Басқармасы мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасына алғыс айтып, Ұлттық палата миссиясына өз үлесін қосатынын жеткізді.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер