«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес пен мемлекеттік орган арасында алшақтық бар

2018 жылғы 14 Ақпан
7368 просмотров

8 ақпан «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің «Кәсіпкерлік қызметті жетілдіру: төртінші өнеркәсіптік ревалюция жағдайындағы заңнаманың маңызды новеллалары» тақырыбындағы кеңейтілген отырыс өтті. Дөңгелек үстелді ҚР Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті, Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Әділет министрлігі және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып, отырысқа «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес Төрағасы Нұрлан Әбдіров басшылық етті.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің мүшелері, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және бейне-конференц байланыс режимінде өңірлердің өкілдері қатысты.

Кездесуде талқыға салынған басты мәселе қазіргі таңда ҚР Парламент Мәжілісінде талқыланып жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы болып табылады.

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасының негізгі новеллалары бойынша баяндама жасады.

Кәсіпкерлікті қолдау аясында Ұлттық палата оқыту, кеңес беру, сүйемелдеу сынды жан жақты жұмыс жүргізеді. Цифрландыру бүгінгі күннің парадигмасы болып табылатындығы табиғи құбылыс. Ұлттық палата жұмысын бастағалы бері жалпы 22 мың өтініш түсіп, оның 40%-ы шешімін тапты.

«Егер кәсіпкерлер үшін тәуекелдер жайында айтатын болсақ, аталған көрсеткіш 97 млрд теңге болып табылады. 2016-2017 жылдар аралығында бәсеңдеу байқалады, бұл жұмыстың жүріп жатқандығының көрінісі. Сонымен қатар, өтініштердің құрылымы да өзгеріске ұшырады. Осыған дейін жер, құрылыс, салық мәселелеріне байланысты көмекке жүгінетін болса, қазіргі уақытта негізінен кәсіпкерлердің өздерінің арасындағы даулы мәселелер бойынша өтініштер саны көбейді», – деді Рустам Жүрсінов.

Соңғы жылдары «Атамекен» 20 мың нормативтік-құқықтық актіге сараптама жасап, оның 500-ден астамы заңдар екендігін мәлімдейді.

«2015 жылы Ұлттық палатаның ескертулерін назарға алған көрсеткіш 30% болған еді, қазіргі таңда 75%-ға жетті. Мәселе жұмыс ретін өзгерту арқылы шешілді. Экономикалық шешімдерді қабылдаудан соң ескертулер жасаудан шешім қабылдауды бірлесе талқыға салуға көштік. Реттеушілік әсерді талдаудың болу факторы бар. Реттеушілік әсерді талдау тек заң жобаларды ғана емес, сонымен қатар тұжырымдамаларды қажет етеді. Статистикаға сәйкес 2017 жылы ҚР Әділет министрлігінің ведомства аралық комиссиясына 16 тұжырымдама ұсынылып, тек 5 бойынша реттеушілік әсерді талдау жүргізілді. Бұл заң нормалары мемлекеттік органдар үшін әсер етпейді деген сөз. Екіншіден, Кәсіпкерлік кодекс қабылданған уақыттан бері 5 жыл аралығында қолданыстағы құрал жабдықтарға байланысты барлық мемлекеттік органдар реттеушілік әсерді талдауды жүргізу қажеттігі жайында ереже бекітілді. Арада екі жыл салып, аталмыш ереже әсер етпейтіндігін көріп отырмыз», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.

Спикердің айтуынша Ұлттық палатаның барлық жүйелі даулы мәселелері біріңғай түйіткілдер тізілімінде жинақталды. Қазіргі таңда тізілімде 571 мәселе бар және оның 386 (66%) шешімін тауып, 48%-ы шешілу үстінде.

«Енгізілген Салық кодексіне байланысты салық әкімшіліндіруінде әлі де даулы мәселелер баршылық. Олар бойынша Ұлттық палатаның нақты ұсыныстары бар. Өнеркәсіпті кеңейту мен модернизацияда салықтық ынталандыру қосымша шараларын енгізуді ұсынамыз. Бұл салықтық несиелер немесе дүниежүзі бойынша қолданылатын салықтық мерзім ұзартулар. Оқытуға бағытталған шығындардың дифференциациялау соммасы көптеген елдерде келтірілген шығындардың 200%-ды көрсетеді», – деді ол.

«Атамекен» мен мемлекеттік органдар Кедендік заңнамаға байланысты ауқымды жұмыс өткізді. 350 құқықтық сілтемелік нормалар ашылып, бизнес тарапынан 500-ге жуық өзгерістер ұсынылды.

«Жыл сайын мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа байланысты зерттеу жасап, салық органдары қызметінің соңғы орындарды иеленетіндігі байқалды. Не себепті? Себебі салық органдарында барлығы автоматтандырылған. Ал сыбайлас жемқорлыққа байланысты бірінші орынды негізінен кеден органдары иеленеді. Сол себепті дәл сол органды автоматтандыруға басты назар аудару қажет», – деді Рустам Жүрсінов.

Спикер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша, цифрландыру бойынша мәселелер шешімін таппағандығын айтты. Мәселен, қолданыстағы денсаулық сақтау саласының шығындарын қаржыландыру жүйесіне сараптама жасалмағандықтан біріңғай үлгі жоқ. Екіншіден, медициналық қызмет көрсету жеткізушісінің ақпараттық жүйені қамтуы төмен.

«Бұл арада блокчейн (биткойн (Bitcoin) немесе оның баламасы жүйесінде транзакциялары тобын жазуға арналған арнайы құрылым) тәсілі жақсы келетіндігін айту қажет және мұнымен қолдану қажет. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесімен бірлесе жұмыс жасау мәселесі шешімін таппағандықтан ерікті сақтандыру арқылы жалпы айтқанда бизнесті өлім аузына тастағандаймыз. Бюджеттен тыс төлемдерді біріңғай жинаққа біріктіру арқылы бизнес бір заңға қараған уақытта салықтан өзге қандай төлем жасау қажеттігін білу керек», –деп есептейді Басқарма мүшесі.

 

Талқыланған мәселелерді бейне-конференц байланыс арқылы кездесуге қатысушылар, салалық қауымдастықтардың өңірлік өкілдері және бизнес ортаға салды.

«Көтеріліп жатқан мәселелер өте маңызды, себебі әрбір тараптың салмақты дәйектері бар. Талқылаулар жалғасын тауып, бір шешімге келетінімізге әрі шешу жолдарын анықтаймынымызға сенімдімін», – деп отырысты қорытындылады ҚР Парламент Мәжілісінің Зағнама және сот құқықтық реформа комитетінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес Төрағасы Нұрлан Әбдіров.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер