«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Абылай Мырзахметов кәсіпкерлерді жеке қабылдады

2018 жылғы 21 Ақпан
5170 просмотров

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтармен кездесті

Отандық кәсіпкерлердің құқығы мен мүддесін қорғаумен айналысатын құрылым болып саналатын «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының жеке қабылдауына 10-нан астам адам жазылған. Олардың қатарында шағын, орта және ірі бизнестің өкілдері бар деп хабарлайды «Казахстанская правда» газеті.

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына келген азаматтар түрлі мәселені көтерді: монополияға қарсы заңнаманың бұзылғанына шағымданған, кәсіпорынның жұмыс істеу қабілеттілігін сақтауға көмектесу, инвестициялық жобаны жүзеге асыруға және жеке кәсіпті ашуға қолдау көрсетуді сұрады. Сонымен қатар индустриялық аймақ аумағында инфрақұрылымды дамыту және жол құрылыс ұйымдарын мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелері де айтылды.

Абылай Мырзахметов 2 сағаттан астам уақыт бойы жұмыс істеп отырған кәсіпкерлермен және жеке кәсібін ашқысы келетін азаматтармен әңгімелесіп, әрбір жағдайды талқылап, орын алған мәселенің шешу жолдарын – жедел әрі нақты шешу шараларын да, жүйелі өзгертулерді талап ететін шараларды да ұсынды.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы атап өткендей, жеке қабылдаудан кәсіпкерлерде туындаған мәселелардің көбі толықтай жергілікті атқарушы органдардың шешуіне тәуелді екенін көрсетті, бұл олардың жауапкершілігі мен нәтижелілігнің жеткіліксіздігін білдіреді.

Абылай Мырзахметов азаматтарды жеке қабылдауға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасарымен келіссөзден соң келгенін атап өтті. Кездесуде өңірлерде кәсіпкерлік ортаны дамыту үшін барынша оңтайлы жағдайды жасауға қажетті шаралар талқыланған.

«Бүгінде көпшілікті кәсіпкер болуға көндіру қажет емес екенін көріп отырмыз, Елбасы айтқан отандастардың санасының жаңғыруы орын алды – азаматтар жауапкершілікті мойындарына алып, жеке кәсіп бастауға дайын. «Қазақстан арманын» жүзеге асыруға, лайықты өмір сүрулеріне, балаларының келешегін қамтамасыз етулеріне барына жағдай жасауымыз керек. Бұл үшін жергілікті атқарушы органдарды міндетін тиімді орындатқызуымыз керек», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

Ұлттық палатаның Басқарма Төрағасы «Атамекен» мен «Нұр Отан» таяу уақытта облыстық және аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарды халықтың кәсіпкерлік белсенділігіне қолдау көрсетуге қарай өзгертуді қамтамасыз етуге ниетті екендігін айтты.

Абылай Мырзахметовтың айтуынша, партиямен бірлесіп, жергілікті әкімдіктердің шешіміне тікелей байланысты және осыған орай атқарушы органдар басшылары қызметінің тиімділігі бағаланатын бизнес-ортаны құру  үшін бірқатар нақты міндетті анықтаған. Мемлекеттің жетекші саяси күші ретінде партия осы жұмыстың атқарылуын қатаң бақылауға ниетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер