«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Батыс Қазақстанда қолға алынған МЖӘ жобалары

2018 жылғы 13 Сәуір
- Батыс Қазақстан облысы
5697 просмотров

Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Марат Нұрғуатов МЖӘ жобалы және осы саладағы жаңашылдықтар жайында айтып берді

Бүгінде Батыс Қазақстан облысында МЖӘ механизмі бойынша жалпы сомасы 19 125 495 мың теңгені құрайтын 14 жоба жүзеге асырылуда. Жобалар білім беру, денсаулық сақтау, спорт, тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығы, жол, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік саласына қатысты.  

МЖӘ жобаларының негізгі принципі – бұл мемлекет пен жекеменшік әріптес арасындағы тиімді экономикалық табыстың үйлесімдлігі. Бір сөзбен айтқанда кәсіпкерде бюджетпен ұзақмерзімді қызмет және ертеңгі күнге сенімділік пайда болады. Кәсіпкер белгілі бір мерзімде 3 немесе 7 жыл ішінде жеткізілімдер оның компаниясына тиесілі болатынын біледі, сондықтан ол өзінің даму, оның ішінде несиелеу бойынша жоспарын әзірлей алады.

Қазіргі таңда заңнамада МЖӘ жобалары дамуына қатысты шектеулер алынып тасталған. Алайда бұл жеңілдіктер мемлекет әлеуметтік жауапкершілігі бар және бюджет есебінен өз міндетін орындайтын бағыттарға ғана тиесілі. Бұл білім беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, балалар туризмі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салалары.

МЖӘ механизмін жетілдіру мемлекет, кәсіпкерлер және «Атамекен» ҚР ҰКП қарауында. Қазіргі таңда процедураларды жеңілдетуде өзгерістер енгізілді. Өйткені, процедуралардағы қиындықтар кәсіпкерлердің аландауын тудыратын.

 Жобаны ұзақ қарастыру кәсіпкер үшін тиімді емес, сондықтан тұжырымды әзірлеу алынып тасталды. Оны мемлекеттік органдар айналысады, демек кәсіпкерлер уақыт пен қаржы үнемдейді. Егер кәсіпкер белгілі бір бастама не идеямен келсе, онда бизнес-жоспар ретінде көрсету жеткілікті. Егер бизнес-жоспар шарттарға сай келсе,  мемлекет тарапынан мақұлданады. Осы бизнес-жоспарға қарай тұжырым жазылады, жобаның мақсаттылығы мен келешектігі есептеледі, өйткені әріптес кепілдікке ие болуы керек. Мәселен, жолды сервистік қызметке беру. Бұл жол стратегиялық тұрғыда маңызды ма, жоқ әлде уақытша керек пе, есептеу қажет. Барлық жайттарды ескермей МЖӘ жобасын жүзеге асыруға кірісуге болмайды.

 Жаңашылдықтар енгізілген соң жобаны қарау мерзімі қысқартылды, сонымен қатар құжаттар топтамасы да айтарлықтай азайды. «Атамекен» мемлекеттік органдар және Ұлттық банкпен өткен жиында тағы бір мәселе көтерді. МЖӘ бойынша шарт несие ресурстарын алуда кепілдік бола алуы мүмкін.

Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында 3 жоба бойынша мемлекеттік міндеттемелер алынды. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілер және жеке әріптес арасында шарттар жасалды. Осылайша 660 192 мың теңгеге Облыстық клиникалық ауруханаға магнитті-резонансты тотограф алынады.  

Бір ауысымда 35 адамға қызмет көрсететін Дәрігерлер амбулаториясы құрылысы Шыңғырлау ауданы Лубянка ауылында басталмақ. Жоба құны 167 240 мың теңге. Чапаев-Жаңғала тас жолына 1 114 456 мың теңге көлемінде сервістік қызмет көрсету қарастырылған. Қосымша 12 жоба әзірлену үстінде.

  «Атамекен» ҚР ҰКП жүргізген талдау нәтижесінде  ҚР бойынша 7 сәтті жоба анықталған. Осы жоба ішінде БҚО бойынша мектеп асханаларын ұзақмерзімді жалдау бойынша жоба енген. Аталған жоба басқа өңірлеге үлгі ретінде танылып отыр.

 Белгілі болғандай қазіргі таңда меткеп асқаналары жыл сайын жалға бір кәсіпкерлерге беріледі, ал олар ұзақмерзімді салымдар жасамайды, демек қызмет көрсетуде жаңашылдық пен сапа, алға жылжу жоқ, материалдық база тозады. Жаңа жобада 4 мектеп асханасын (№8, №5, №9 және №30 мектептер) бір компанияға жалға ұсыну ұсынылып отыр. Ал аталған компания қоғамдық тамақтану саласында қызмет көрсетуге мамандануы жөн.

 Осы ретте кәсіпкерге шарт бойынша белгілі бір мерзімге кепілдіктері болады. Мемлекет қызмет көрсету сапасын арттыруда және қаржы бойынша ұтыста болады, ал жеке компания тұрақты  түрде кепілдендірілген табысқа кенеледі.

 МЖӘ жобалары үшін тағы бір игерілмеген сала – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. Кез келген мемлекеттік мекемеде шаруашылық бөлім бар, ал оны жүргізуді бизнес өз міндетіне ала алады. Мәселен клинингтік компаниялар нарықта жақсы сұраныста.

Қорытындылай келе МЖӘ жобаларына инвестиция тартуда Батыс Қазақстан обылысы республика бойынша 7 орынды еншілеп отыр. Жобаларды жүзеге асыру, сонымен қатар ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жыл 25 қарашадағы №725 МЖӘ жобаларын жоспарлау және жүзеге асыру Ережелеріне өзгерітерге сәйкес аудандағы кәсіпкерлермен МЖӘ-ға қатысу бойынша түсіндірме кездесулер жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер