«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бизнес-Өсу» балалар орталығын ашуға негіз болды

2018 жылғы 06 Қыркүйек
- Батыс Қазақстан облысы
10065 просмотров

Балаларға арналған кезекті орталықты ашып ешкімді таң қалдырмайсың. Бірақ, 31 жылдық тәжірибесі бар білікті ұстаз Дамира Аманова осы мақсатқа қол жеткізеді. Өзінің білім беру орталығына кәсіпкер «Мандаринки» деген дәмді атау таңдайды. Бұған қоса сарғыш түс энергияның, қуаныштың, жылылық пен батылдықтың нышаны.

Жеке орталықты ашу идеясын Дамира қазіргі балалардың әрекетіне қарап қолға алған.

«Заманауи балалар ойнауды білмейді, бір-бірімен қас, нені ермек қылуды білмейді. Ертеректе балапандар алауда жүгіріп, түрлы ойындарды ойлап тауып, қызықтайтын, үстел ойындарын ойнайтын. Ата-аналарды балаларымен айналысуға уақыты жоқ. Балабақшаға мүлде бармаған балалар да бар. Олар мектепке дайындықсыз келеді. Осы жағдайды зерттеп, орталық ашуға бел будым», – деді «Мандаринки» балаларды дамыту орталығының директоры Дамира Аманова.                                                                                            

 Бастапқыда Дамира неден бастау керектігін білмеді. Көмекке «Бизнес-Өсу» курсы келді. Жедел оқу жобасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатыр.

  «Бизнес-тренерлер жоғары білікті мамандар. Қысқа мерзім ішінде мен маңызды  әрі пайдалы ақпарат алдым. Компания құрылымы, жұмыс үдерісін оңтайландыру, шығындарды қысқарту, тиімділікті арттыру, мықты қоманда құру, қызметкерлерді ынталандыру, әлеуметтік желілерді басқаруды егжей-тегжейлі талқыладық. Теориясы мен практикасы тамаша үйлесім тапқан осындай крустардан кейін жеке кәсіпті ашуға батыл кірістім. Осы курстарды оқып алуды басқаларға да ұсындым. Мемлекеттік қолдау бағдарламалары шын мәнінде жұмыс істейді», – деді Дамира Аманова.

3 жастан асқан балаларға арналған «Мандаринки» оқу орталығы өз есігін 1 тамыз күні айқара ашты. Қазіргі таңда бірінші аусымда 1 топ оқып жатыр. Екінші топқа қабылдау жүргізілуде. Балалармен білікті мамандар жұмыс істейді.

 «Құмдағы таңғажайыптар, ЭБРУ суда сурет салудың көне өнері, дамытатын ойындар, мектепке дайындық, бастапқы ағылшын тілі, логопедпен жұмыс, көркем сурет, саз балшық, батик, декортаивті-қолдаңбалы өнер, қолөнер, киіз басу, сабын пісіру бойынша шеберлік сабақтары өтеді. Бұл толық тізім емес. Әр ата-ана баласына қалаған жаттығуларды таңдайды. Орталыққа кесте бойынша не белгілі бір уақытта келуге болады. Балаға салмақ салу де ескеріледі. Кіші бөлімге сабақтар 20 минутқа созылады»,– деді Дамира Аманова.

 «Мандаринки» орталығында мамандар әр баламен жеке жұмыс істейді. WhatsApp қосымшасы арқылы ата-аналар фотоесеп алып отырады да өз баласының ермегін бақылай алады.

 «Бизнес-Өсу» жобасының түлегі, педагог білім беру саласында жаңа әдістемені қолға алған. Келешекте орталықты кеңейту жоспарланған. Орталықта инклюзивті білім беру кабинеті, хеореография мен музыка бөлімі ашылмақ.                                                                                                                                          

                                                               


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер