«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Аппелляциялық сот Кәсіпкерлер палатасының позициясын қолдады

19 Сәуір 2019 - Батыс Қазақстан облысы
258 просмотров

Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлік палатасына «Надежда» шаруа қожалығының басшысы Савченко Андрей Васильевич өтініммен келді

 Өзінің проблемаларын айтқан шаруа мемлекеттік органдар, атап айтқанда тапсырыс беруші – Бөрілі ауылдық округі әкімдігі аппаратының заңсыз әрекеттеріне шағымданды. Шаруа мемлекеттік сатып алулар келісімшарты бойынша барлық жұмыстар орындалған болса және оның тарапынан келісім бойынша ешқандай шарттар бұзылмаса, БҚО Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты шығарған шешімге қалай шағым түсіруге болатынын түсінбеді. Сондай-ақ,  шаруа жоғары тұрған сот Тапсырыс берушіні қолдайды деп алаңдаған.

Кәсіпкерлік субъектісі берген материалдар зерттелген соң мына деректер анықталды: 01.02.2018 жылы екі тараптар арасында сомасы 9 700 000 теңге көлемінде Бөрілі ауылдық округінде автомобиль жолдарын күті бойынша жұмыстарды орындау мемелекеттік сатып алулар туралы келісімшарт жасалған, содан кейін 10.08.2018 жылы 114 497 557 теңгеге қосымша келісімшарт жасалған. Нәтижесінде келісімшарт сомасы 124 197 557 теңгені құрады.

 Келісімшарт бойынша орындаушы барлық талаптарды уақытында орындап, өткізген. Тапсырыс беруші атқарылған жұмысты қабылдаған, оның бәрі қол қойылған атқарылған жұмыс актілермен расталып отыр.

Алайда 2018 жыл 24 қазан күні Бөрілі ауылдық округі әкімінің аппараты кәсіпкерге негізгі келісімшартқа қосымша 40 025 148 теңге көлеміндегі келісімді бұзу туралы хабарлама жіберді.

 Өзінің мұндай әрекетін Тапсырыс беруші «Надежда» шаруа қожалығы қосымша келісімді қамтамасыз етуге орындалатын жұмыстардың құнынан, яғни 114 497 557 теңгеден 3% үлес қоспаған деп түсіндірді. Осы жағдай шаруаға тексеру барысында айтылған және бұзушылықты алып тастау туралы ескертпе жасалды.

 Мұндай талап қосымша келісімде қарастырылмаған және мемлекеттік сатып алулар порталына қамтамасыз ету сомасын құю туралы хабарлама түспеген, Тапсырыс беруші назар аудармаған.

 Бірінші инстанциядағы сотта Тапсырыс беруші кәсіпкер тарапынан келісімшарт бойынша жұмыстарды орындағанын растады, бірақ қосымша келісімнің қамтамасыз ету жарнасына қатысты бұзушылықтар болуына байланысты заңдық күші жоқ деп айтудан жалықпады.

Бұл істің барлық мәселесін егжей-тегжейлі зерттеген БҚО Арнайы мамандандырылған ауданаралық соты «Надежда» шаруа қожалығының арызын дәйекті деп танып, 4.02.2019 жылы Бөрілі ауылдық округі әкімдігі аппаратынан 40 025 148 (қырық миллион жиырма бес мың жүз қырық сегіз теңге) көлеміндегі негізгі қарыз сомасын және тұрақсыздық айбына 50 000 (елу мың) теңге талап етті.

 Осыған қарамастан Бөрілі ауылдық округі әкімдігі аппараты шаруа қожалығымен келісімшартын бұзылғанына сілтеп, аталған сот шешіміне қарсы БҚО облыстық сотына апелляциялық шағым түсірді.

 Кәсіпкерлер палатасының құқықтық блогы нормативтік базаны,  осындай істер категориясы бойынша сот практикасын зерттей келе кәсіпкерге апелляциялық шағымға дәлелді қарсылықтың жобасын  дайындап берді. Ал сот тыңдауы күні Палата өкілі кәсіпкерге сүйемелдеу көрсетіп, қажетті құқықтық көмекті көрсетті.

 Апелляциялық инстанция келтірілген дәйектермен келісіп, бірінші инстанциялық сот шешімін өзгеріссіз қалдырды, ал Бөрілі ауылдық округі әкімдігі аппаратының шағымын қанатағаттандырусыз қалдырды.

 Осылайша, істің материалдарын, нормативті базаны егжей-тегжейлі зерттеу, аталған талап арыз бойынша позицияны дұрыс бағамдау арқылы БҚО Өңірлік кәсіпкерлер палатасы кәсіпкердің 40 млн теңге көлеміндегі мүліктік құқығын апелляциялық инстанцияда қорғап шықты.

 

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер