«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан «Іскерлік байланыс» жобасы аясында Германиямен серіктестік мерзімін ұзартты

2019 жылғы 12 Шілде
2957 просмотров

 Қазақстан және Германия шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің басқарушы мамандарын дайындау бойынша «Іскерлік байланыс» жобасы аясында бірлескен жұмысты жалғастырмақ

Төртінші шілде күні ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов және BMWi Экономика және энергетика федералды министрлігінің статс-хатшысы доктор Ульрих Нуссбаум Ынтымақтастық туралы және Бағдарламаның мерзімін 2022 жылға дейін ұзарту туралы Бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

  «Біз Германия мен Қазақстан арасындағы екіжақты сауда-саттық және инвестициялық қатынастарды одан әрі нығайту мүддесінде сыртқы сауданы жеңілдету құралдарын іске қосуға қуаныштымыз. Сондықтан бүгінгі Басқарушылық мамандарды дайындау бағдарламасы шеңберінде ынтымақтастықтың жалғасуы туралы қол қойылған берлескен мәлімдеге қуанып отырмын. Менің пікірімше, Бағдарлама Қазақстан үкіметінің алдында тұрған экономиканы әртараптандыру мен жаңғырту міндеттерін шешуге нақты үлес қосуы қажет», – деді статс-хатшы Нуссбаум.

 Естеріңізге салсақ, 2004 жылдан бастап Қазақстан басқарушы кадрларды дайындау бойынша BMWi бағдарламасының серіктесі саналады. Осы аралықта Германияда 700 қазақстандық басқарушы маман оқудан өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер