«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық кәсіпкер мемлекеттік қолдау бағдарламалары арқылы кәсібін кеңейтті

12 Шілде 2019 - Павлодар облысы
558 просмотров

Аққулы ауданының тұрғыны, кәсіпті енді қолға алған кәсіпкер Амангелді Дүйсенбаев өзінің мақсатына шағын қадамдармен болса да сеніммен келеді

Әскерден келген жас жігіт ата-анасының батасын алып, жеке кәсіп ашуға кірісті. Ауылды жерде мал шаруашылығы – ең тиімді кәсіп көзі екенін пайымдап, ол жеке бизнес-идеяны жүзеге асыруды көздеді.

 «Ірі қара малдың еті мен басқа да өнімдері қашанда сұраныста болады, демек, өткізу қамтамасыз етілген. Мен Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына алғыс білдіремін, олар жобама сүйемелдеу көрсетті нәтижесі жақсы. Ынтымағымыз жарасады деген ойдамын», – деді Амангелді Дүйсенбаев

 Жас кәсіпкер ірі шаруа қожалығын құруды көздейді.

 2018 жылы Амангелді Дүйсенбаев «Бастау» жобасы бойынша бизнес негіздерін оқып шықты. Осы жобамен грант иегері атанды. Алынған қаражатқа кәсіпкер сауын аппарат сатып алды. «Бастау» түлегі бұл жетістіктер табыс жолының бастамасы деп айтты. Енді ол «Ауыл шапруашылығын қаржылай қолдау қорына «құжат жинап, жеңілдікпен несие алмақ. Жобаға мақұлдау келді. Осы қаражатқа Амангелді Дүйсенбаев ірі қара мал басын көбейтпек.

Аққулы ауданы бойынша «Бастау» жобасының бизнес-тренері Шарафат Трушева мал шаруашылығының дамуын қолдау бағдарламаларының негізі – отбасы бизнесі негізінде жұмыс істейтін мал қорларымен қамтылған шағын шаруашылықтарды құруды көздейтінін айтты.

  «Әр адамда арманы болуы керек. Мен жобама мақұлдау алдым, демек білек сыбана жұмысқа кірісу керек. Бүгінде мемлекеттік бағдарламалар кез келген қызмет түріне көмек бере алады. Ең бастысы, жобада барлық мүмкіндіктерді ескере отырып, дұрыс жоспарлау жасау керек», – деді кәсіпкер.

default.labels.news.telegram

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер