«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Нұр-Сұлтан қаласында «QazMai» ортақ брендін ілгерілету бойынша семинарлар өтеді

2019 жылғы 22 Шілде
3296 просмотров

«Атамекен» май және тоң майды шығарып, экспорттайтын компаниялар өкілдерін «QazMai» ортақ брендін ілгерілету» семинарына қатысуаға шақырады

25-27 шілде аралығында шетелдік және отандық сарапшылар Қазақстан және Өзбекстандағы май өнімдері нарығының қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары туралы, соның ішінде шикізат пен өнімдерді импорттау, мемлекеттік қолдау шаралары жайында ақпарат береді. Семинарға «Узёгмойсаноат» АҚ Өзбестанның май-тоң май өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының өкілдері қатысады.

2018 жылы Қазақстаннан Өзбекстанға май-тоң май өнімдерін жеткізу көлемі артып, экспорт жалпы сомасы 38,585 млн АҚШ долларына 46,673 мың тоннаны құрады.

Семинарлар  Ташкент қаласында 19-20 қыркүйекте өтетін «Қазақстан-Өзбекстан: Май-тоң май өнеркәсібі» Халықаралық конференциясы қарсаңында ұйымдастырылады. Конференцияға 100-ден астам дегелат қатысуға өтініш білдірді, солардың қатарында «Узёгмойсаноат» АҚ өкілдері, Өзбекстан май зауыттары, дистрибьютерлік компаниялар, сауда желілері, Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің өкілдері, «Орта Азиялық сауда үйі» компаниялар өкілдері бар. Іс-шара шеңберінде «Ташкент май комбинатына»  («Тoshkentyog’-moykombinati» АҚ) бару жоспарланған.

Семинар бағдарламасы

Қатысу сұрақтары бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП «Біліктілік орталығы» ЖШС-на хабарласуды сұраймыз, жауапты  маман: Әділхан Сағыибаев, тел.: +7-701-588-54-97,  adilet@list.ru


Еншілес ұйымдар

Серіктестер