«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Хабарландырылар

Atameken Business

Бизнес-күнтізбе

.

Көрмелер кестесі

08.06.2018 Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасында бизнес-ассоциацияларды аккредитациялау басталды

Батыс Қазақстан облысы

кәсіпкерлер палатасында бизнес-ассоциацияларды

аккредитациялау басталды

 

         Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы (Кәсіпкерлер палатасы) Ұлттық палаты төрағасының 13.05.2016 жылғы №11 шешімімен бекітілген Ұлттық палата жүйесінде ассоциацияларды (одақтарды) аккредитациялау Ережелерімен және біліктілік талаптарымен сәйкес БҚО палатада ассоциация (одақ) формасында жеке кәсіпкерлер мен (немесе) заңды тұлғалардың бірлестігіне аккредитациялау жүргізу басталғаны хабарлайды.

         Кәсіпкерлер палатасында аккредитациялау мыналар тұрғысынан жүзеге асырылады:

         а) аймақтық салааралық, аймақтық салалық ассоциацялары (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік аймақтық ассоциациялары (одақтары);

         б) облыстық және облыстық маңызы бар қалалар ассоциациялары (одақтары);

         в) аудандық, аудандық маңызы бар қалалар ассоциациялары (одақтар).

         Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2018 ж. 8 маусым дан бастылып 08 шілдеге дейін   жүргізіледі.

         Аккредитациядан өту үшін құжаттар пакеті қағаз тасымалында және (немесе) электронды формада жіберіледі.

         Ережемен қарастырылған құжаттар пакетін ассоциация (одақ) мына мекенжай бойынша Палата дирекциясына береді:

         Пошталық мекенжай: ҚР, индекс: 090006, Орал қаласы, Чагано-Набережная көшесі, 84, 3 қабат, e-mail: uralsk@palata.kz , тел.: 8(7112) 24-28-96.

         Ұлттық палатада аккредитация алу үшін Палата дирекциясына ұсынылатын құжаттар тізімі:

         1) сенімхатсыз оның мүддесін ұстануға өкілетті ассоциация (одақ) жетекшісі немесе сенімхат бойынша өкілі (сенімхат көшірмесімен бірге) қол қойған, осы Ережеге 1 қосымшамен белгіленген форма бойынша өтініш;

         2) ассоциация (одақ) қызметі туралы есеп және белгіленген біліктілік талаптарына ассоциацияның (одақтың) сәйкестігін растайтын құжаттар;

         3) ассоциация (одақ) мүшелерінің тізімі;

         4) аты-жөні және атқаратын лауазымын көрсетумен ассоциацияның (одақ) штаттық қызметкерлерінің тізімі.

         Біліктілік талаптары және аккредитациядан өту процедурасы Ережелермен бекітілген.

         Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасында аккредитациядан өтуге Ереженің толық мәтіні мен өтініш формасын www.palata.kz сайтында «Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы құжаттары» қосымшасынан қарауға болады.

Серіктестер