«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда өңірлік кеңес мүшелігіне алғашқы сайлау өтеді

2019 жылғы 11 Қазан
4472 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осы жылы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің мүшелігіне кандидаттар сайлауын алғаш рет өткізеді.

Пилоттық жоба жүзеге асырылғанна кейін кейін ҰКП осы тәжірибені республика бойынша өңірлік палаталарға таратуды жоспарлап отыр.

«ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңына сәйкес өңірлік кеңестің мүшелері Съезд бекіткен тәртіппен кәсіпкерлік субъектілері атынан делегаттарының тікелей дауыс беруі арқылы сайланады. 

«Атамекен» ҰКП қалыптасуы кезеңінде белгілі бір бизнесменнің қоғамдағы беделі және оның бизнесінің салалық маңызын есеаке ала отырып өңірлік кеңестің құрамын қалыптастыру орынды еді. ҰКП Сеъздінің 2018 жылғы 21 маусымдағы шешіміне сәйкес өңірлік кеңес мүшелерінің сайлауы ҚР ҰКП Төралқасы шешімімен үш жыл ішінде жүргізілуі керек.

Алайда, осы жылдың 28 тамызында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелері ортақ уағдаластық негізінде өзін-өзі тарату бойынша шешім қабылдап, өңірлік кеңес мүшелігіне кандидаттар сайлауын өткізуді ұсынды.

Алматы қаласы өңірлік кеңесінің шешімін, сондай-ақ Алматыда басқа қалалармен салыстырғанда отандық компаниялар саны басым (барлығы 186 000 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді) екенін ескере отырып, ҰКП өңірлік кеңес мүшелігіне кандидаттарды сайлауды пилоттық режимде Алматы қаласында өткізу бойынша шешім қабылдады. Содан кейін ҰКП Төралқасы шешімі бойынша алматылық тәжірибе бүкіл республикаға таралатын болады.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі мүшелігіне кандиттардан өтінім қабылдау осы жылдың қараша айынан басталады. Осы күні «Атамекен» ҰКП ресми сайтында және ресми аккаунттарында үміткерлерді тіркеуге арналған сілтеме жарияланады.

Сайлау және кандидаттарға қойылатын талаптар туралы толық ақпаратты мына сілтемеден алуға болады.

Байланыс: Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Анастасия Толстихина - + 7 701 770 17 60, an.tolstikhina@atameken.kz

Айымбала Мешелова + 7 778 955 65 62, a.meshelova@atameken.kz

Ақпарат:

Өңірлік кеңес – өңірлік кәсіпкерлер палатасының бақылаушы органы, оның келесі функциялары бар:

·        Өңірлік палатаның ағымдағы қызметінде экономиканың жекелеген салалары мен секторлары мүдделерін ескеруді қамтамасыз ету;

·        кәсіпкерлік мәселелір бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу;

·        Өңірлік палата дирекциясына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесуге көмектесу;

·         Ұлттық палата қызметінің тиімділігін арттыру бойынша Съезд қарауына ұсыныстар шығару;

·        Өңірлік палаталар және филиалдары жетекішілерінің кандидатурасын мақұлдау және т.б.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің белсенді жұмысының арқасында кәсіпкерлердің құқықтары көп мәрте қорғалды, нормативті-құқықтық актілерге отандық бизнес дамуына оң әсер еткен өзгерістер енгізілді:

1. Алматы қаласы ӨКП Өңірлік кеңесі мүшелерінің қатысуымен Жарнама туралы Заңға өзгерістер енгізілді, нәтижесінде  2019 жылдың сәуір айынан бастап жарнама объектілерін анықтауда профилактикалық бақылау механизмі енгізілді.

2.     Алматыда боулинг, картинг, бильярд және т.б. қызмет түрлеріне белгіленген салық мөлшерлемесі орта есеппен 30%-ға төмендетілді.

3.     Жұмыс беруші тарапынан қосымша 5% зейнетақылық жарналарды енгізу мерзімін шегеру бастамасы көтеріліп, оны ҚР Президенті қолдады.

4. Кәсіпкерлердің өтінімдері бойынша Қонаев және Байтұрсынұлы көшелері бойында велосипедттер жолақтарын жолдың бір шетіне ауыстыру бойынша өзгертулер жасалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер