«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ҚР ҰКП басшылығының мәлімдемесі

2020 жылғы 17 Қаңтар
8095 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мүгедектер қауымдастығы тарапынан Индустриялық сертификатқа қатысты көптеп түскен шағымдар негізінде келесіні мәлімдейді

«Атамекен» Индустриялық сертфикаттарды 2019 жылдың сәуір айынан бастап, соның ішінде мүгедектер ұйымына арнап беруді бастады.  Сертификатты беру тәжірибесінің қорытындысы бойынша Индустриялық сертификатты алу процесінде кемшіліктер, атап айтқанда мүгедектер ұйымдары өндірісінің жай-күйін бағалауға арналған спецификалық салалық критерийлердің болмауына қатысты олқылықтар анықталды. Бұл жайт аталған ұйымдардың Индустриялық сертификатты жалпы негізде алуына әкеп соғады.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мүгедектер бірлестіктеріне өндіруші-мүгедектер ұйымдарының ойын бір арнаға тоғыстырып, өз ұйымдарына арналған салалық критерийлерді әзірлеуді ұсынды.  

Осы ретте палата аталған қауымдастыққа сүйемелдеу көрсетіп, бухгалтерлік, заңгерлік және салықтық консультациялар және басқа да сервистік қызметтерді тегін көрсетуге дайын.

 Бұдан бөлек, мамандарды дайындау, арнайы кәсіби стандарттарды әзірлеу, жұмысқа тұруға көмектесу бойынша жұмыс жалғасын табады.

 Қазіргі таңда мұндай көмек толық көлемде көрсетіледі, бірақ, көптеген қауымдастықтардың бытыраңқы жұмыс істеуі жұмыс істеп жатқан өндіруші мүгедек ұйымдарының барлығын бірдей қамтуға мүмкіндік бермей отыр.

 Бұған қоса, қазіргі таңда Мүгедектер ұйымдарының бірыңғай мемлекеттік тізілімі қарастырылмаған (2018 жылдың желтоқсанынан бастап Сатып алулар туралы ҚР заңына енгізілген түзетулерге сәйкес Еңбек министрлігі мұндай тізілімді жүргізбейді), сонымен қатар мүгедектер ұйымдары үшін өндіріс жағдайын бағалаудың жалпы тәсілдері мен өлшемдерін тұжырымдай алатын осындай қауымдастықтарды біріктіруші  қауымдастық құрылмаған.

 Осыған байланысты дискриминациялайтын нормаларға жол бермеу мақсатында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тиісті критерийлерді әзірлегенге дейін мүгедек ұйымдарды сертификаттарды беру тәртібінен шығару бөлігінде Индустриялық сертификатты беру қағидаларына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады.  

  Анықтама үшін: Индустриялық сертификаттарды берудің 8 айы ішінде Индустриялық сертификат алған 238 ұйымның ішінде  43-і – мүгедектер ұйымы.

 Келіп түскен шағымдарға жасалған талдау шағымдардың басым бөлігі жиһаз және жеңіл өнеркәсібіне (215-тің 160-сы) тиесілі екенін көрсетті, олардың арасында мүгедектер ұйымдарынан келген шағымдар көп.

 Өз кезегінде бұл жайт мүгедектер ұйымдары мемлекеттік сатып алулардан тыс қалатынын білдірмейді.

 Айта кету керек, Мемлекеттік сатып алулар туралы ҚР Заңына сәйкес мүгедектер ұйымдарынан бірінші кезекте сатып алу басымдығы туралы талап белгіленген. Аталған норма Заңда 2002 жылдан бері бар.

 Анықтама үшін: Мемлекеттік сатып алулар туралы Заңның 51-бабына сәйкес тауарлар бойынша басымдық – жалпы көлемнен 50%-дан кем емес, қызметтер мен жұмыстар бойынша – 100%-дан кем емес деп белгіленген. Аталған норма Сатып алулар порталында тіркелген барлық мүгедектер ұйымдарына сатып алуларға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

 «Атамекен» орын алған жағдайға байланысты Қаржы министрілігіне Мемлекеттік сатып алулар қағидаларын қолданыстағы Заңға сәйкестендіруді және мүгедектер ұйымдарына Индустриялық сертификаттың болуы туралы талапты қолданбауды ұсынды.

Осы ретте ұйымның мәртебесіне қарамастан сәйкес келу сертификатының болуы туралы заңнамалық талаптар белгіленген. Аталған талаптар ЕАЭО-ның 2014 жылдың шілде айында күшіне енген жиһаз өнімінің қауіпсіздігі туралы техникалық регламентіне сәйкес жасалған.

Жиһаз өнімдерін өткізуге дейін кәсіпорыннан қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша аккредиттелген зертханаларда міндетті түрде сынақтан өту талап етіледі.

Осы ретте Батыс Қазақстан облысында сәйкес зертхананың болмауына назар аударамыз, сондықтан кәсіпкерлер өз тауарларын сараптамадан өткізу үшін басқа өңірлерге апаруға мәжбүр, бұл жайт өз алдына кәсіпкерлерге қосымша шығын әкеледі.

 Осыған байланысты ҚР Еңбек және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті аталған мәселеге назар аударып, сәйкестікті растаудың қажетті инфрақұрылымымен қамтамасыз етуі қажет деп санаймыз.  

 Сонымен қатар ағымдағы жылдың 22 қаңтарында Ұлттық палата алаңында жеңіл және жиһаз өнеркәсібі саласында мүгедектер ұйымдарының қауымдастықтары мен бірлестіктерінің қатысуымен, бейнеконференция арқылы өңірлердің қатысуымен, Қағидаларға жасалған өзгерістерді талқылау және өндіруші мүгедектер ұйымдарын шоғырландыру бойынша ұсыныстар беруге қатысты кеңейтілген жиын өтетінін хабарлаймыз.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер