«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Үкімет тарапынан қандай салықтық ынталандыру шаралары қарастырылған?

2020 жылғы 28 Наурыз
9022 просмотров

2020 жылдың 27 наурызында  ҚР Үкіметі «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар, атап айтқанда салық саясаты мәселелеріне қатысты қаулы қабылдады. Қаулы мәтіні  (құжат – 2020 жылғы қаулы)

 Құжатта келесі салықтық шаралар қарастырылған:

 2020 жылдың 1 қазанына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті тауарларға ҚҚС мөлшерлемесі төмендетілді (8% мөлшерлеме).

 Еске салсақ, Үкіметтің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар тізімін бекіту туралы» 2010 жылғы 1 наурыздағы қаулысына сәйкес тізімге келесі өнімдер кіреді: (құжат – 2010 жылғы қаулы)

1

Бірінші сұрыптағы бидай ұны

2

Бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны (формалы)

3

Рожки (өлшенбелі)

4

Қарақұмық жармасы (дәні, өлшенбелі)

5

Ажарланған күріш (ірі дәнді, өлшенбелі)

6

Картоп

7

Сәбіз

8

Пияз

9

Ақбас қырыққабат

10

Ақ қант – құм шекер

11

Күнбағыс майы

12

Сиыр еті (жауырын-төс бөлігі, сүйегімен)

13

Тауы еті (жамбас және етімен бірге жіліншік сүйек)

14

Жұмсақ қаптамадағы  2,5% майлылықтағы пастерленген сүт

15

Жұмсақ қаптамадағы  2,5% майлылықтағы айран

16

 Сары май ( 72,5 % майлылықтан кем емес, қоспаларсыз жән еөсімдік майларсыз тұздалмаған)

17

Тауық жұмыртқасы (I категория)

18

Ас тұзы ( "Экстра" сұрыпынан басқа)

19

 5-9 % майлылықта ірімшік

Бұдан бөлек, туризм, қоғамдық тамақтану және қонақүй қызметі саласында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар 2020 жылға мүлік салығынан босатылды.

 Микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін осы жылдың 1 шілдесіне дейін:

  • салықтың барлық түрлері және басқа да міндетті төлемдер, әлеуметтік төлемдерді төлеу бойынша шегерім берілді;
  • өсімақыны салу бойынша шаралар тоқтатылды, шығыс операцияларды тоқтата тұру, мүлікке билік етуді шектеу және салық, кедендік қарызды, әлеуметтік қарызды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын шектеу берілді (тәуекелдігі жоғары дәріжесімен салық төлеушілерді есептемегенде).
  • Сондай-ақ осы жылдың 15 наурызынан бастап 15 сәуіріне дейін бағытталған камералық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаларды орындау мерзімдері осы жылдың 1 маусымына дейін ұзартылды (тәуекелдігі жоғары дәріжесімен салық төлеушілерді есептемегенде) және салық тексерулер мерзімінің ағымы тоқтатылды.

 Бензин (авиациялық бензинді есептемегенде), дизель отынын өндірушілер өнімді экспорттауда акциз төлеуден босатылды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер