«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан туроператорлары туристерге үндей жасады

2020 жылғы 29 Мамыр
6903 просмотров

Бүкіл әлем және Қазақстанда COVID-19 коронавирус инфекциясының пандемиясымен орын алған ситуацияны ескере отырып, «ТУРИСТІК ҚАМҚОР» және туризм саласында барлық ереже мен заңдарды орындап отырған отандық туристік қоғамдастық іске аспай қалған және ертерек брондалған турлар үшін ақшалай қаражатты қайтаруға өтінім беруді мүмкіндігінше кейінге шегеруді сұрайды

 Шекаралардың жабылуы және елдер арасында көлік қатынасының тоқтауына байланысты көптеген елдің үкіметі пандемиямен күресу мақсатында турларды тоқтату туралы шешім қабылдаған. Осыған байланысты Қазақстанда төтенше жағдайдың аяқталуына қарай туроператорлар туристеерден жаппай әрі бір мезгілде қаражатты қайтару туралы өтінімдер легіне тап болды.

 Айта кетелік, туроператорлардың жұмыс істеу схемасы жеткізушілермен алдын ала келісім және авиакомпаниялар қызметіне алдын ала төлем жасаудан тұрады. Бұл әдіспен бүкіл әлем жұмыс істейді, Қазақстан да осы қатарда. Осылайша, қазіргі кезде ақшалай қаражаттың басым бөлігі қызметті жеткізушілердің құзырында. Карантинге байланысты туризм саласындағы көптеген кәсіпорын уақытша қызметті тоқтатты, бұл жайт туроператорларға қаржылық тексеру жүргізіп, ары қарайғы шараларды анықтауға мүмкіндік бермей отыр. Қызмет жеткізушілермен келісуге мүмкін болған бір ғана мүмкіндік – турлардың күнін өзгертіп, оларды айыппұлдық санкциясыз орындау туралы келісім жасау. Демек, бір ғана жол – сапар уақытын кейінге қалдыру.

 Біз сіздерге  туристік компаниялардың шетел валютасында қаржылай міндеттмелерін алдындағы мөлшерде құжаттар арқылы бекітіп (туристік қызмет көрсету келісімшартына қосымша келісім жазу арқылы) демалысқа бару күнін ауыстыруды ұсынамыз. Бұл құжаттар пандемия аяқталған соң туристердің демалысқа баруына құқығын қарастырады немесе нақты шығындарды шегергенде (2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін) қаражатты қайтаруға болады.

 Мұндай шара қолға алынбаса, іске асырлмаған турлар үшін ақшаны бір мезгілде жаппай талап етсе туроператорлар банкротқа ұшырауы мүмкін. Аталған жағдай қаражатты қайтаруға, сонымен қатар демалысты кейінге шегеруге де кері әсер етеді.

 Заңнама төтенше жағдай кезеңінде, сондай-ақ форс-мажорлық кезеңде келісімшарттардың мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді. Шекаралар әлі де жабық, ішкі туризмнің көптеген объектілері шектеулі режимді жұмыс істеп жатыр, облыс арасында қозғалу қиын.

 Жоғарғы Сот өз түсіндірмелерінде келісімшарттар бұзылған немесе оның орындалуы форс-мажор салдарынан қиынға соқса, онда келісімшарт тараптарының міндеттемелері көрсетілген бөлікте белгіленген мерзімге өзгертілген (ұзартылған) деп есептеуге болады деп белгілеген.

 Сіздерді туризм және салада жұмыс істейтін адамдарды қолдауларыңызды сұраймыз.

 «Қазақстан Республикасы туроператорлар қауымдастығы» ЗТБ президенті Инна Рей

«Атамекен» ҰКП мәлімдемесі:
28 мамыр күні брифинг барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков іске асырылмаған турлар бойынша қаражатты қайтаруға қатысты туристерге үндеу айтты. Өз сөзінде спикер қазіргі кезде туристік нарық «Туристік Қамқор», «Атамекен» ҰКП және өкілетті органмен бірлесіп, барлық тараптарды қанағаттандыратын шешім қарастырып жатқанын айтты. Туристер мен туристік бизнес субъектілері арасындағы өзара түсіністік кәсіпорындарға ағымдағы жағдайды өткеріп, ал туристерге қиын кезеңнен кейін толыққанды демалуға мүмкіндік береді.
 Осыған байланысты комитет төрағасы азаматтардан осы жағдайға түсіністікпен қарап, туристік компанияларға нарық қалпына келгенше мүмкіндігінше талап қоймауды сұрады.
«Атамекен» ҰКП аталған ұсынысты қолдайды және осы ситуацияны оңтайлы шешу үшін бірлескен жұмысқа дайын екенін растайды.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер