«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өнімдерді ЕАЭО ережелері бойынша таңбалау – мәселе әлі де шешілмеді

2020 жылғы 04 Маусым
3850 просмотров

Жуырда «Атамекен» ҰКП Агроөнеркәсіп кешені комитетінде салалық қауымдастықтар, мемлекеттік органдар – Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Сауда және интеграция министрлігі, ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ өкілдері отандық тауарларды таңбалау қажеттілігін қызу талқылады

 Бизнес субъектілері Ресей Федерациясында сүт өнімдері және алкогольсіз өнімдерді таңбалау енгізілгені туралы және аталған өнімдерді ҚР аумағында таңбалауға қарсылықтарын айтты, өйткені бірінші кезекте таңбалауға қажетті жабдыққа көп шығын кетеді.

 «ҚР алкогольсіз сусындар мен шырындарды өндірушілер қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Әлия Мамытбаеваның айтуынша, «темекі, алкоголь, фарма, алкогольсіз сусындар, сүт өнімдері, парфюмерия, косметика сынды тауарларды өндірушілер бойынша таңбалау операторына төлем бүкіл Қазақстан бойынша жер салығының сомасынан асып түседі, яғни 2018 жылы салық 17 млрд теңгені құраған».

 Сарапшы таңбалау контрафакітілік өнімнен қорғай алмайды, өйткені қазақстандық тауарларды қолдан жасау «статистикалық қателік деңгейінеде», яғни нөлге жуық деп атап өтті.

«Қазақстан сүт одағының» ресми өкілі Дінмұхамед Айсауытов,  бұл пікірді қолдады:

 «Мен де Сапа бақылау комитетіне жүгінгем, шынымен, мысалы сүт өнімдерін қолдан жасау жағдайы жоқ».

 Бұған ҚР Ауыл шауашылығы министрлігі тарапынан ҚР-да аталған жобаның дайындау және шығынын анықтау мақсатында сүт өніміне пилоттық режимде таңбалау жүргізілетіні туралы айтылды.

 Бизнес және мемлекеттік органдардың өкілдері тауарларға жөнелтпе құжаттар, салық салу, қарапайым заттар экономикасы мәселелерін де талқылады.

 Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің қолданыстағы нормаларын, атап айтқанда, жерасты суларын өндіруге пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкаларын, ҚҚС бойынша қосымша жеңілдіктерді қайта қарау туралы жаңа бастамалар ұсынылды.

 ҚР Ұлттық экономика министрлігі бірқатар ескертпелер бойынша өз позициясын айтты. Осы мәселелерді зерттеу және одан әрі қорыту үшін кәсіпкерлік субъектілерінен толығырақ ақпарат алу туралы шешім қабылданды.

 Қатысушылар Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы бойынша несиелерді қайта қаржыландыру мүмкіндігін көтерді.

 Бұған ҚР Ұлттық  экономика министрлігі аталған бағдарлама бойынша Ұлттық банк қайта қаржыландыруға қарсы екенін айтты, осы ретте аталған мәселені ары қарай қарастыру жүріп жатыр.

 Жалпы бизнес ұсыныстарын мемлекеттік органдар назарға алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер