«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

4 тамызда білім беру саласында жобаларды субсидиялау және кепілдендіру мәселелері жөнінде конференция өтеді

2020 жылғы 03 Тамыз
3139 просмотров

Қазақстан Республикасының кәсіпкерлерін білім беру саласында жобаларды субсидиялау мен кепілдендіру шарттары туралы ақпараттандыру мақсатында «Атамекен» ҚР ҰКП, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қолдауымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қаржы орталығы Zoom және Facebook арқылы тікелей эфирде екінші деңгейлі банктердің қатысуымен конференция өткізеді.

Конференцияға Forte Bank, АТФ Банк, БанкЦентрКредит және басқа да банктердің қатысуы жоспарланған.

Өтетін күні мен уақыты: 4 тамыз, сағат: 15:00 (Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша)

Тікелей эфирге қатысу үшін заңды тұлға атауы, толық аты-жөнін whatsapp нөміріне жіберу қажет: 8-705-198-01-01.

Анықтама ақпарат: 8 (7172) 695-127, 8 (705) 198-01-01


Еншілес ұйымдар

Серіктестер