«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шот-фактуралар негізінде корпоративті табыс салығы бойынша шегеруді растау 2022 жылдан басталады

18 Қыркүйек 2020
3582 просмотров

 Осыған дейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдері шот-фактураларды корпоративті табыс салығы бойынша шегерімді растау құжаты ретінде тануға қатысты алаңдаушылықтарын айтқан болатын. Бұл алаңдаушылық салық салу жөніндегі заң жобасының бірқатар ережесіне байланысты болды, бұл құжат қазіргі таңда Парламент Мәжілісінің қарауында

Заң жобасы ережесіне қарай шот-фактураларды рәсімдеу бойынша талап сатып алушы категориясы мен мәміле сомасына қарамастан ҚҚС-ты төлемеушілердің бәріне міндеттелді.

  Талқылау барысында бизнес және «Атамекен» өкілдері электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесімен жұмыс істеудің күрделілігіне байланысты осындай төлемеушілер үшін тәуекелдер мәселесі айтылды.

 Кәсіпкерлердің алаңдаушылығын Парламент Мәжілісінің депутаттары да қолдады. Осы мәселе бойынша пікір-талас жұмыс тобының бүгінгі отырысында аяқталды.

Депутаттар – Заң жобасын қарау жөніндегі жұмыс тобының мүшелері шоттарды тек бизнеспен жұмыс істейтін кәсіпкерлерге ғана жазу қажет деген шешім қабылдады.

 Осы ретте депутаттар мәміле сомасын шектеп қана қоймай (мәміле сомасы 1000 АЕК-тен асуы тиіс), сондай-ақ норманы 2022 жылдың 1 қаңтарынан енгізуді қарастырды.

 Осылайша, Мәжіліс депутаттарының қолдауы арқылы 1000 АЕК-ке дейін аз сомаға мәміле жасаған микро- және шағын бизнес өкілдерінде электронды шот-фактуларды шығару бойынша жаңа міндеттемелері болмайды, ал қалған кәсіпкерлерде Салық кодексінің жаңа талаптарына бейімделіп алуға уақыт болады.


Серіктестер