«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы 860 млн теңгеге бизнестің мүддесін қорғады

2023 жылғы 01 Ақпан
- Павлодар облысы
5376 просмотров

2022 жылы Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасына бизнесті қорғау бойынша 95 өтініш түсті. Оның 64-і оң шешімін тауып, қорғалған құқықтардың сомасы 860 миллион теңгеден асты.

Өтініштердің көп бөлігі жер қатынастары, салық заңнамасы, мемлекеттік сатып алу және басқа да мәселелер бойынша түсті.

«Бизнесті қорғаудың тиімді құралдарының бірі – кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес. Кеңестің 12 отырысы өткізіліп, 17 мәселе қаралды, 34 ұсыныс берілді», - дейді Павлодар облысы Кәсіпкерлер Палатасының кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Гүлнар Бассуова.

Кеңес әзірлеген ұсыныстарды уәкілетті мемлекеттік органдар қолдайды. Кеңестің ұсынымдары бойынша бизнес субъектісіне қатысты заңсыз әрекеттері үшін 2 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Палата заңгерлері сот органдарында кәсіпкерлік құқық қорғау бойынша өкілдік қызметтерді көрсетеді. 2022 жылы «Атамекен» ӨКП 52 сот отырысына қатысып, оның 30-ы оң шешілді.

Сонымен қатар, сот органдары мемлекеттік органдарға қатысты жеке қаулылар шығарды. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі.

Палата бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша облыстың құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдарымен белсенді жұмыс жүргізуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер