Біз туралы
Қаз
Қазақстан бойынша тегін:
1432 | 8-800-080-80-10
Whatsapp: +7 778 870 1432

Департаменттер

Адами капиталды дамыту департаменті

Бейсенбенов Азамат Амангелдіұлы

Басқарушы директор - Департамент директоры

8 (7172) 91-93-27
a.beysenbenov@atameken.kz

Адами капиталды дамыту департаменті ҚР жетекші компаниялары мен кәсіпорындарымен белсенді өзара іс-қимыл жасағанда білім берудің барлық деңгейлеріндегі өзекті мәселелерді шешуге қатысады. Инновациялық экономика талаптарына сәйкес кәсіптік білім берудің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру қызметтегі басым міндет болып табылады.

Департамент миссиясы – барлық мүдделі тараптарды шоғырландыру және кәсіптік білім беруді дамыту бойынша іс-шараларды үйлестіру.

Дамудың негізгі стратегиялық бағыттары:

  • кәсіптік білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру;
  • кадрларды даярлаудың барлық кезеңдерінде әріптестіктің тұрақты құқықтық және экономикалық тетіктерін ұйымдастыру;
  • ҚР жалпы білім беретін мектептерде кәсіби бағдар жүйесін қалыптастыру;
  • кәсіптік білім беру мен кадрларды даярлауда дуальды оқыту жүйесін жетілдіру;
  • дуалды оқытуды енгізудің Жол картасын іске асыру;
  • дуалды оқытуды іске асыру мониторингі; 
  • Кәсіпорындар сұрастыру, кәсіпорындарды бағалау; 
  • ҚР-да тәлімгерлік институтын қалыптастыру;
  • ТжКБ жүйесінде жұмысшы мамандықтарды игеруге халық үшін тартымдылыққа жәрдемдесу;
  • жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын талдау. ЖОО рейтингі;
  • жалпы білім беретін мектептерде, ТжКБ және жоғары оқу орындарында «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін енгізу; 
  • ұлттық біліктілік жүйесі мен кәсіптік білім негіздерін қалыптастыру;
  • кәсіби стандарттарды әзірлеуге, жаңартуға, бекітуге жәрдемдесу;
  • кадрларға аймақтық салалық қажеттілік картасын әзірлеу;
  • кадрларды даярлау жүйесінің салалық кластерлерін құру;
  • жұмыс берушілер қауымдастығы базасында тәуелсіз салалық сертификаттау орталықтарын кезең-кезеңмен құру;
  • еңбек нарығының талаптарына дейін мамандардың біліктілік деңгейін арттыруды ынталандыруға жәрдемдесу;
  • АКТ саласын дамытуға жәрдемдесу;
  • ҰКП Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялар комитетінің (бұдан әрі-комитет) қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық және құжаттамалық қамтамасыз ету;
  • Қазақстандық қамтуды дамыту мақсатында АКТ саласын талдау және мониторингілеу;
  • инвестициялық, инновациялық және ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру;
  • салалық АКТ өнімдері мен сервистерін, оның ішінде электрондық қызметтерді танымал ету;
  • ІТ саласында импорт алмастыру бағдарламасын әзірлеу;
  • Отандық АКТ компанияларын экспорттық қолдау;
  • Мемлекеттік сатып алуда сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімін енгізу және қолдану.

Серіктестер