Тау-кен және металлургия кешені департаменті
Тау-кен және металлургия кешені департаменті (бұдан әрі қарай – Департамент) «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімшесі.
Департамент барлық кәсіпкерлік субъект, заңды тұлғалар бірлестіктері, ҚР ҰКП құрылымдық бөлімшелері және мемлекеттік органдармен Департамент жетекшілік ететін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жүргізеді.
Департаменттің негізгі міндеттері:
- Заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге және сараптауға қатысу;
- Тау-кен және металлургия өнеркәсібі саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
- Тау-кен және металлургия саласының негізгі мәселелері бойынша кәсіпкерлік субъектілері мен қауымдастықтардың (одақтардың) шоғырландырылған пікірін (ұстанымдарын) қалыптастыру;
- Тау-кен және металлургия өнеркәсібіне қатысты мәселелер бойынша кәсіпкерлік субъектілері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасында тау-кен және металлургия өнеркәсібі саласындағы кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасау;
- Орталық мемлекеттік органдар жанындағы алқалы консультативтік-кеңесші органдардың, тау-кен және металлургия өнеркәсібіндегі кәсіпкерлердің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын мәселелер бойынша құрылатын жұмыс топтары мен сараптамалық кеңестердің жұмысына қатысу.