«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкердің сұрауын орындамаған Талдықорған сәулет және қала құрылыс бөлімінің басшысы жауапкершілікке тартылды

2019 жылғы 11 Қаңтар
- Жетісу облысы
10161 просмотров

Мемлекеттік орган кәсіпкер өтінішіне бірнеше ай бойы жауап бермей келген

2018 жылдың маусым айында кәсіпкер Жанар Иманғалиева Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылыс бөліміне пәтерін тұрғын үй қорынан шығарып, коммерциялық объектісіне (дәріханаға) ауыстыру бойынша өтініш берген. Алайда мемлекеттік орган мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бұзып, хатқа бірнеше ай өткен соң ғана өтінішті қанағаттандырмау жөнінде жауап берді.

Амалы таусылған кәсіпкер құқықтық көмек алу мақсатында Кәсіпкерлер палатасына жүгінуге мәжбүр болды. Сәулет және қала құрылыс бөлімінің қызметінің заңдылығын анықтау мақсатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне хат жолданды. Өз кезегінде департамент өкілдері бөлімге жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізді.

«Бөлім басшысының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60-бабы 1-тармағына сәйкес, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сүйеніп тұрғын үй қорының функционалдық мақсатын, коммерциялық объектіге (дәріханға) өзгертуге рұқсат беруден бас тартуы бойынша бөліммен берілген жауапты Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті негізсіз деп табуына байланысты бөлім басшысы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 465-бабының 2-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп атап өтті Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Ақбота Абишева.

Сәулет және қала құрылыс бөлімінің сілтеме жасаған заң нормасы бойынша тұрғын үй қорынының функционалдық мақсатын, коммерциялық объектіге өзгеруге тыйым салу көрсетілмегені анықталды.

Сонымен бірге, Кәсіпкерлер палатасы мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің араласуынан кейін ғана кәсіпкерге  бөлім өкілдерінің 115 күнге кешіктіріліп жауап бергені белгілі болды. Жауап хатында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы толық ақпарат ұсынылмауына байланысты қалалық бөлімнің жетекші маманына «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес, қызметтің көрсетілу мерзімі  15 жұмыс күнді құрайды.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер