Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі
 
                                                                                    Құспанова Жұлдыз Қазықызы
Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы
Құспанова Жұлдыз Қазықызы – Батыс Қазақстан облыстық Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.
1976 жылдың 29 наурызында Орал қаласында туған.
- 
	1997 жылы Назарбаев шәкіртақысының иегері ретінде Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін эколог мамандығы бойынша аяқтаған. 2001 жылы "қаржы менеджменті" мамандығы бойынша "Еуразия" менеджмент және тіл институтын тәмамдаған. 
- 
	Еңбек жолын ұлттық киім тігу бойынша отбасылық кәсіпорында бастаған (қойма меңгерушісі, өндіріс меңгерушісі, бухгалтер және бас бухгалтер қызметтерін атқарған). 
- 
	2005 жылы өз жеке кәсібін - сән студиясын ашқан. 
- 
	2010 жылдан -ұлттық киім тігуге арналған "Мәрия ханым" сән үйі-отбасылық кәсіпорнының директоры. 
- 
	2013 жылдан - «Аялы алақан» қайырымдылық бірлестігінің құрылтайшысы. 
- 
	2014 жылдан - "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының өңірлік өкілі, "Орал аруы" директоры. 
- 
	БҚО Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі. 
- 
	2016 жылдан - "Жақсылық жолы" қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы. 
- 
	2016 жылдың сәуір айынан - "Винтаж" студиясының иегері және директоры. 
- 
	БҚО Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі. 
Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі Өңірлік кәсіпкерлер палатасының тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші органы болып табылады.
Кеңестің басты міндеті – іскерлік ортада белсенділігін арттыру мақсатында әйелдерді бір одаққа біріктіру. Кеңестің өз алдына қойған басты мақсаты – қыз-келіншектерді мүмкіндігінше кәсіпкерлікке тарту.
Кеңестің міндеті:
- 
	Кәсіпкер әйелдің экономикалық белсенділігін ынталандыру; 
- 
	Әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту, олардың нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру; 
- 
	«Іскерлік әрі әлеуметтік белсенді әйел» мәртебесін жоғарылату; 
- 
	Әйелдерге арналған жаңа жұмыс орындарын ашу, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамту жағдайында да жұмыс орнымен қамтамасыз ету; 
- 
	Бизнес ортада гендерлік тепе-теңдік. 
 

 
                        
 
             
             
             
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                    