Қаржылай емес қолдау
Сервистік қолдау
Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкелер Палатасы Орал қаласындағы, Исатай-Махамбета көш, 84 мекенжайындағы 1 қабатта орналасқан Кәсіпкерлерге Қызмет көрсету Орталығында (әрі қарай- КҚКО) келесі сервистік қызметтер көрсететінін хабарлайды:
- Бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасау,
- Заң мәселелері және конкурстық (тендерлік) рәсімдер бойынша қызметтер,
- Қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу жөніндегі қызметтер,
- Маркетинг мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметтер.
Барлық қызметтер тегін көрсетіледі. Анықтама бойынша телефон: 8 (711 2) 24-7005, 245011, 243047.
2022 жылдың қорытындысы бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде «Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау ұсыну» құралы бойынша 704 бизнес субъектісіне, офлайн 693 субъектке, онлайн 11 кәсіпкерге 817 қызметтер, оның ішінде 805 офлайн, 12 қызметтер онлайн көрсетілді.
173 бизнес-жоспар құрылды, оның ішінде сомасы 2,9 млрд. теңгеге 163 жоба қаржыландыру алды. Сонымен қатар, 204 кәсіпкердің салық есептері тапсырылды, мемлекеттік сатып алулар рәсімі бойынша 40 кәсіпкерге қолдау көрсетілді, 81 бизнес субъектісін тіркеуге, ҚР заңнамасына сәйкес құжаттарды дайындауға, 45 кәсіпкерге рұқсатнама құжаттарды алуға кеңес берілді. Кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаражат алуға 41 жоба сүйемелденді, оның 27 жобасы сомасы 362,9 млн. теңгеге қаржыландырылды.
Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету
Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының барлық өңірлік филиалдарында 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде:
1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары туралы хабардар ету;
2) ұлттық жобалар шеңберінде шағын және орта бизнесті қолдау бойынша консультация;
3) шарттардың, актілердің, шоттар-фактуралар мен жүкқұжаттардың үлгілерін дайындау мәселелері бойынша консультация;
4) бизнесті ашу және жүргізу мәселелері бойынша консультация;
5)лицензиялар мен рұқсат құжаттарын алу мәселелері бойынша сүйемелдеу;
6) екінші деңгейдегі банктерде, басқа да қаржы ұйымдарында, сондай-ақ даму институттарында қаржыландыруға дейін және одан кейін қажетті құжаттарды жинауда, оның ішінде кепіл мүлкін бағалауда сүйемелдеу;
7) екінші деңгейдегі банктерде, басқа да қаржы ұйымдарында, сондай-ақ даму институттарында қаржыландырылғаннан кейін құжаттар жинауда сүйемелдеу;
8) құжаттарды жинауда сүйемелдеу және сатып алуға/конкурсқа/тендерге қатысу үшін, оның ішінде жер учаскесін алу үшін өтінімді ресімдеу;
9) кәсіпкерлік субъектісін тіркеуге, қайта тіркеуге құжаттарды дайындау;
10) онлайн-кассалар мен бақылау-касса машиналарын тіркеуге және орнатуға құжаттарды дайындау;
11) инженерлік желілерге (газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау) қосылған кезде құжаттар мен техникалық шарттарды алуда сүйемелдеу бойынша кеңес беретін КҚКО жұмыс істейтінін хабарлаймыз.
2022 жылдың 12 айында осы құрал бойынша 1973 кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар адамдарға 8 172 кеңес берілді. 728 кәсіпкердің өтініштері бойынша сүйемелдеу жүзеге асырылды: соның ішінде бизнесті дамытуға сомасы 898,6 млн. теңгеге 171 жоба қаржыландыру алды, жер учаскелерін, рұқсатнама құжаттарды алуға, алынған несие бойынша мақсатты пайдалануын дәлелдеуге құжаттар тапсыруға 271 кәсіпкеррге қолдау көрсетілді.
Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген қызметтерге https://g4b.kz/ порталы арқылы онлайн режимінде тапсырыс беруге болады.
Сұрақтарыңыз болса, келесі мекенжайлар бойынша аудандық КҚКО-на хабарласыңыз:
Ақжайық ауданы |
Чапаев ауылы |
Қонаева көшесі, 62 үй |
тел.8 (71136) 40040 |
Бөкей ауданы |
Сайхын ауылы |
Бергалиев №2 көшесі, 1 үй |
Тел. 8 (71140) 40075 |
Жаңақала ауданы |
Жаңақала ауылы |
Халыктар Достығы көшесі, 44Б үй |
Тел. 8 (71141) 22088 |
Жәнібек ауданы |
Жәнібек ауылы |
Ихсанова көшесі 64 үй |
Тел. 8 (71135) 21525 |
Бәйтерек ауданы |
Переметное ауылы |
Жеңіс көшесі, 28 үй |
Тел. 8 (71130) 22306 |
Казталов ауданы |
Казталов ауылы |
А.Уразбаева көшесі,7 үй |
Тел. 8 (71144) 31111 |
Қаратобе ауданы |
Қаратобе ауылы |
Ғ.Кұрмангалиев көшесі, 16 үй |
Тел. 8 (71145) 31172 |
Сырым ауданы |
Жымпиты ауылы |
Жумагалиева көшесі, 16 үй |
Тел. 8 (71134) 21347 |
Тасқала ауданы |
Тасқала ауылы |
Сапаров көшесі, 30А үй |
Тел. 8 (71139) 40053 |
Теректі ауданы |
Федоровка ауылы |
Абай көшесі,46 үй |
Тел. 8 (71132) 23410 |
Шыңғырлау ауданы |
Шынгырлау ауылы |
Л.Клышев көшесі, 95/үй |
Тел. 8 (71137) 33663 |
Бөрлі ауданы |
Аксай қаласы |
Дружбы народов көшесі, 4/3үй |
Тел. 8 (71133) 52632 |
Жұмыс және қызметтерді ұсыну уақыты: жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ға дейін, демалыс сенбі-жексенбі.
Анықтама бойынша телефон: 8 (711 2) 24-30-95.
КҚКО қызметтері ТЕГІН көрсетіледі!