«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық басымдылық сатып алуларда заң жүзінде жазылуға тиіс

2015 жылғы 25 Наурыз
- Батыс Қазақстан облысы
11591 просмотров

ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшыларының Батыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары барысында БҚО Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің кеңейтілген отырысында айтты.

«Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде жатыр», - деп атады Абылай Мырзахметов, - «Өндіріспен айналысушы барлық кәсіпкерлер оның қабылдануын күтіп отыр десек, артық айтпаймыз. Тимур Асқарұлының тапсырмасы бойынша біз кәсіпкерлерден келіп түскен мемлекеттік сатып алулар бойынша шағымдарға талдау жасадық. Шағымдар саны үш жүзден асып түсті. Осыдан келіп, кәсіпкерлер түйткілінің байқау құжаттамасын құрудан басталатынын анықтадық. Тендерлік құжаттар белгілі бір жеткізушіге, оның қандай да бір техникалық талаптарына сай ертерек дайындалатын болып шықты».

«Мемлекеттік сатып алулар туралы» жаңа заңды ашық талқылау бойынша ҰКП бастамасы кәсіпкерлер ортасында өзінің алғашқы нәтижесін беруде: техникалық өзгешелік ендігі жерде сатып алушының сайтында байқау басталардан 15 күн бұрын ілінетін болады. Бұл ақпаратты Палата да орналастыратын болады. Осылайша, кәсіпкерлерде техникалық айрықшалауды өзі бағалап, ертерек өзгертулер енгізу, ал құқық бұзылған жағдайда апелляциямен шағыну мүмкіндігі пайда болады.

«Елбасы жариялаған «Қазақстанда жасалған» көлемді науқанына орай біз бұл науқанның ресейлік нұсқасын қарап шықтық, тәжірибеге талдау жүргіздік», - деп жалғады сөзін Абылай Мырзахметов, - «Біз мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаға ұлттық басымдылық туралы норманы енгізуді ұсынамыз».

ҰКП Басқарма Төрағасы отырысқа қатысушыларға палатаның ел Үкіметімен және ұлттық компаниялармен ST.KZ сертификатын күшейту туралы мәселені талқылап жатқаны жайлы ақпарат берді.

«ST.KZ. төңірегіндегі бүгінде орын алған ахуал ешкімнің де көңілінен шықпайды», - деп есептейді Абылай Мырзахметов.

Оның айтуынша, Палата біліктілік талаптарын, отандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізуі қажет және ол кәсіпкерлер беделі үшін, отандық тауар өндірушілер мүмкіндіктері үшін жауап беруі керек.

Абылай Мырзахметов жиналысқа қатысушыларға ҰКП-да отандық компанияларды қолдау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілетінін жеткізді.

«Сонымен, күзден бері машина жасау және мұнай-газ кәсіпорындарын қолдау бойынша науқан бастау алып отыр. Отандық өндірушілер шетелдік және бірлескен компаниялармен, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қорының құрамына кіретін компаниялармен ұзақ мерзімдік келісім-шарт жасау мүмкіндігін алады. Бүгінде 88 компания 34 миллиардқа ұзақ келісім-шартқа қол қойған. 60 компания, соның ішінде БҚО кәсіпорындары да бар, 50 миллиард теңге сомасына келісім-шарт дайындауда. Біз бұл жұмысты тұрақты бақылауда ұстап отырмыз», - деп атады ҰКП Басқарма Төрағасы.

Абылай Мырзахметов ҰКП-ның ел нарығына контрафактілі және сапасыз өнімнің кіріп кетуіне жол бермеу мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті және ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті желісі бойынша жұмысты жалғастырып жатқанын түсіндірді. Бұл да отандық тауар өндірушінің мүддесін қорғайды.

«Біз ритейлдер, сауда желілерінің өкілдері және де, ең алдымен, біздің азық-түлік және тамақ өнімдерін өндірушілер арасында сұхбат жүргізудеміз – желілерге өтудегі түйткілдерді анықтап жатырмыз. «Қазақстанда жасалған» науқаны барлық сауда желілерінде қазақстандық өнімнің ерекше тұруын болжайды. Бұл біздің өндіруші пайдасына таңдау жасағысы келетін азаматтар үшін біршама ыңғайлы шарт жасауға тиіс», - деп баса көрсетті ҰКП Басқарма Төрағасы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер