«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Барынша ашықтық

2015 жылғы 24 Маусым
- Ақтөбе облысы
14955 просмотров

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасында өңір кәсіпкерлеріне сервистік қызмет көрсетуге үміткер консалтингтік компаниялардан келген конверттерді ашу жөніндегі комиссия отырысы өтті. Комиссия құрамына мемлекеттік органдар, облыстық Мәслихат өкілдері, Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшелері мен өңірлік Кәсіпкерлер палатасының дирекциясы кірді. Процедура ашықтығы фото және бейнетүсіріліммен қамтамасыз етілді.

«ҚР Үкіметі Қаулысымен 2014 жылдан бастап «БЖК-2020» аясында сервистік қолдау көрсету бойынша уәкілеттік Ұлттық кәсіпкерлер палатасына берілген болатын. Бүгін комиссияның алғашқы отырысында өтінім берушілер өкілдерінің қатысуымен конверттерді ашамыз. Жеңімпаз компания менеджмент жүйелерін енгізу бойынша консультация беру және күллі процесті толығымен сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсететін болады», деп атады Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Нұрлыбек Мұқанов.

Байқауға қатысуға өтінімді екі компания берді: «Қазақстандық оқыту және консалтинг орталығы» ЖШС және «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Ақтөбе филиалы. Комиссия хатшысы, ӨКП жобаларды сүйемелдеу жөніндегі бөлім бастығы Бауыржан Дарқұлов конверттерді ашу процедурасын жүргізіп, байқау қатысушылары ұсынған құжаттарды жария етті.

Қатысушылар өтінімдері 2015 жылғы 26 маусымда қаралады. Дәл сол күні консалтингтік компаниялар өкілдерімен әңгімелесу өтіп, қорытынды жасалады.


Ұқсас жаңалықтар:

Байқау өткізілді
2 Шілде
2015
Жетісу облысы
Конверттер ашылды
18 Маусым
2015
Солтүстік Қазақстан облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер