«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оралдық ноу-хау

2015 жылғы 02 Шілде
- Батыс Қазақстан облысы
12479 просмотров

Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен құрылыс материалдарының жаңа түрі тұтынушыға жол тартпақшы

Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы Орал қаласының жаңа құрылыс өнімі – газ-бетонды блоктар презентациясын ұйымдастырды. Презентацияны құрылыс өнімін өндіруші «НАНОБЛОК» ЖШС өткізді.

«НАНОБЛОК» ЖШС Батыс Қазақстан облысындағы газ-бетон блоктар шығаратын азғана өндірушілердің бірі болып табылады. Кәсіпорын құрылыс индустриясы секторында 2013 жылдан бері қызмет етіп келеді. «НАНОБЛОК» ЖШС компаниясының бас технологы Александр Лагода аталмыш жасанды кеуек тастың басты қасиеттерін атап өтті. Ол құрылыс материалдарына қойылатын нормативтік құжаттар талаптарының бәріне жауап береді: беріктік, аязға төзімділік, жоғары жылу оқшаулау қасиеттері.

«Газ-бетон блоктар өндірісі бейавтоклавты қатаю әдісімен жүзеге асырылады, - деп түсіндірді Александр Лагода. – Нәтижесінде материал экологиялық тұрғыдан таза, берік, өртке қауіпсіз болып шығады. Оған өлшем нақтылығы, дыбыс оқшаулау, аязға төзімділік, үнемділік және қалау жылдамдығы тән».

Блоктардың тағы бір күмәнсіз құндылығы - 100% қазақстандық мазмұннан тұруы, деп компанияның бас технологы баса көрсетті.

Блоктардың беріктігін көрсету үшін, олар жылдамдық берумен 2 метр биіктіктен лақтырылды. Бірде-бір блок сынбады.

Блоктардың техникалық сипаттамалары құрылыс компанияларының үлкен қызығушылығын тудырды. Қарапайым есептеулер газ-бетон блоктардың көршілес Ресейде өндірілетін осыған ұқсас құрылыс материалдарымен салыстырғанда жеңіп шығатынын көрсетті, ал көлік шығындарын үнемдеу мен қала ішінде тегін жеткізу аталмыш өнімді біршама бәсекеге қабілетті етеді.

«Қала мен облыс аумағында өндірілетін жаңа тауарлар туралы ақпаратты әлеуетті клиенттерге жеткізу керек, - деп атады Өңірлік палата директорының орынбасары Нұрлан Қайыршин. - Палата бұл жобаларды сүйемелдемекші және бизнес бастамаларды жүзеге асыруда жан-жақты кәсіби қолдау көрсетпекші».

Сонымен қатар блокқа тапсырыс берушілер «Газ-бетон блоктар» өнімінің «Темір-бетон, бетон конструкциялар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық реттемесінің талаптарына сәйкес сертификатталғаны жайлы құлағдар болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер