«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бизнес-кеңесші» ауылға келді

2015 жылғы 03 Шілде
- Батыс Қазақстан облысы
11174 просмотров

Кәсіпкерлердің бизнес-білім алуына бағытталған жоба Батыс Қазақстан облысының шалғай жерлеріне жетіп қалды

Енді облыс орталығына бармастан бизнес-жоспар құруға, ақпараттық ресурстарды пайдалануға, салық режимдерінің қыр-сырын зерттеуге, бизнесті мемлекеттік қолдау құралдарымен танысуға, маркетинг негіздері және қызметкерлерді басқаруды игеруге болады. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2015 жылдан бері жүзеге асырып келе жатқан жоба – «Бизнес-кеңесші» облыс аудандарына келіп жетті.

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы 35 ісін бастаушы және әрекет етуші кәсіпкер жоба бойынша оқып, сертификаттарға ие болды.

«Бұл өте ыңғайлы, өйткені бұл ақпаратты өз бетімше таба алмас едім, ал Оралға баруға уақыт пен мүмкіндік бола бермейді. Оның үстіне, тренерлер Сандуғаш Исимова мен Нұрлан Әдрахманов бәрін анық, нақты әрі көрнекі түсіндіргені соншалық, қосымша сұрақтар да туындамады. Ісін бастаушы кәсіпкерлердің салық режимдерін, маркетинг негіздерін және бизнестің құқықтық аспектілерін зерттейтін уақыты бар ма? Мен, мысалы, ауылдық округтерге жолаушылар тасымалдаумен айналысамын. Ештеңеге де уақыт жетпейді. Осындай шынайы да қажетті көмегі үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасына көптен-көп рахмет», - деп ақтарылды palata.kz-ке ісін бастаушы бизнесмен Болат Ахмадиев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер