«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес сенімді қорғауда

2015 жылғы 07 Шілде
- Батыс Қазақстан облысы
11589 просмотров

Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің кезекті, шілдедегі отырысы БҚО бойынша Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті Басқармасының қабырғасында өтті

Кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне қатысты бақылау және қадағалау органдарының заңсыз тексеріс тағайындау және жүргізу деректері Кеңес талқылауына шығарылған басты мәселе болды. БҚО Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі бөлім бастығы Валентина Гаршина Кеңес мүшелеріне бизнес субъектілерін жоспардан тыс тексеруді негізсіз тағайындау деректері жайлы ақпарат берді. Атап айтқанда, «Волшебница» ЖШС, «Казбургаз» АҚ, «Поларис» ЖШС-ға қатысты облыстағы Еңбек инспекциясы басқармасының жоспардан тыс тексерістері жайлы мысалдар келтірілді.

Тексерістерге қызметкерлерден келіп түскен қызметтестерінің заңсыз жұмыстан кеткенін көрсеткен арыздары негіз болған. Сонымен бірге, жұмыстан босатылғандардың өздерінен арыз келмеген. Осыған орай, Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті Басқармасы тексеріс тағайындау туралы актіні тіркеуден бас тартқан.

Кеңес мүшелері облыс әкіміне кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді тағайындау және өткізу кезінде орын алған заңды бұзушылықтар жайлы ақпарат беруге шешім қабылдады. Сонымен қатар «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы заңнаманың жекелеген ережелерін өзгерту бойынша ұсыныстар енгізу нұсқалды.

Құқықтық статистика басқармасы арнайы есеп жөніндегі бөлімінің бастығы Гүлнара Ибрашева Кеңеске тексеріс жүргізуді реттемелейтін заңнаманың кейбір мәселелері туралы баяндады. Тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру кезінде тексеру парақтары мен тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы мәселе Кәсіпкерлер кеңесіне қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Себебі, Гүлнара Ибрашеваның айтуынша, ерекше және таңдамалы тәртіптегі тексерістер тәуекелдік жоғары дәрежесіне жатқызылған тексеріс субъектілеріне қатысты ғана жүргізілмекші. Жоғары тәуекелге жатқызылмаған тексеріс субъектілеріне қатысты – жоспардан тыс тексерістер мен өзге де бақылау формалары.

«Бұл критерийлер қалай бекітіледі және оны кім бекітеді? – деп қаупін білдірді «Меркурий» ЖШС басшысы Дархан Сариев. – Тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыруда субъективті фактор әсерін тигізбей ме?»

Кеңесте сонымен қатар «Төленғали» шаруа қожалығы басшысының екі асыл тұқымды бұқа алуға 308 000 теңге мөлшеріндегі субсидия алу туралы өтініші қаралды. «Төленғали» ШҚ барлық талаптар мен критерийлерге сәйкес келген және ауданның ауыл шаруашылық бөліміне сәйкес өнімі беруге барлық заңды негіздемесі болған. Алайда, БҚО Ауыл шаруашылық басқармасының «Төленғали» ШҚ өтінімін қарау нәтижелері әлі күнге дейін белгісіз. Жағдайдың ақ-қарасын ажырату үшін Кеңеске Ауыл шаруашылық басқармасының өкілдері шақырылып, олар мәселенің оң шешімін тапқанын баяндады.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес төрағасы Хайдар Қапанов: «Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңеске шығарылатын мәселелер бизнес пайдасына 100% шешімге ие болуға тиіс. Ол үшін белгілі бір тетіктер мен беделге де иеміз. Бұл әсіресе жеке өтініштерге қатысты. Шағын бизнесті қорғай отырып, алдағы уақытта бизнес құқығын бұзуға мүмкіндік бермейтіндей үлгі көрсетеміз».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер