«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақшаның қайтарылуын талап етеміз!

2015 жылғы 10 Тамыз
- Батыс Қазақстан облысы
11132 просмотров

Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесі ауылдық кәсіпкердің субсидия алу құқығын қорғап қалды

Елтай Төленғалиев Батыс Қазақстан облысынеың ең шалғайдағы ауданы Бөкейордасында кәсіпкерлік қызметпен айналысады.

2014 жылы оның «Төленғали» шаруа қожалығы «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-мен  асыл тұқымды өгіз алуға 700 000 теңге қарыз шартын жасасады. Кәсіпкер мемлекеттік қолдау алу мақсатында 2014 жылдың сәуір айында Бөкейордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөліміне асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағыты аясыда 308 000 теңге мөлшерінде субсидия алуға өтінім жолдайды. Фермер бір жылдан астам уақыт бойы өзіне тиесілі соманы ала алмай жүреді. БҚО Кәсіпкерлер палатасына өтініш жасауға да осы себеп болған еді.

Құқықтық блок сарапшылары Палатаның Бөкейордасы ауданы филиалымен бірге кәсіпкердің дәйектерін мұқият зерттеп шығып, «Төленғали» ШҚ мемлекеттік қолдау алудың барлық талаптары мен критерийлеріне сәйкес келгенін, және де ауданның ауыл шаруашылығы бөліміне субсидия алуға сәйкес өтінім беруге барлық заңды негіздемелері болғанын анықтады.

Алайда, 2015 жылғы 23 маусымдағы ахуалы бойынша, БҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының «Төленғали» шаруа қожалығы өтінімін қарау нәтижелері белгісіз болып отыр. Палата сарапшылары БҚО Ауыл шаруашылығы басқармасына сұраныс жіберіп, оған атқарушы орган формалды түрде жауап берді және іркіліс себебін қаржы қаражатының жоқтығымен түсіндірген. 

Өңірлік палатада тауар өндірушілерге субсидия төлеу бюджетте қажет қаражат болу-болмауына тәуелді болмауға тиіс деп пайымдай келе, аталмыш мәселені 2015 жылғы 3 шілдеде өткен Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес қарауына шығаруға шешім қабылдады.

Кеңес мүшелері БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының өкілі Алмат Есболовтың дәлелдерін тыңдап шығып, оны негізсіз деп есептеді және «Төленғали» ШҚ субсидия алуға берген өтінішін қайтадан қарау үшін екі апта мерзім берді. 2015 жылғы 3 тамызда БҚО Кәсіпкерлер палатасына «Төленғали» ШҚ басшысы Елтай Төленғалиев қоңырау шалып, жергілікті бюджеттен 308 000 теңге бөлінгенін хабарлады.

Мәселенің оң шешім табуына Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес беделі әсерін тигізді. Мемлекеттік органдар оның шешімдерімен санаспай тұра алмайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер