«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мүлдем тегін!

2015 жылғы 14 Тамыз
- Батыс Қазақстан облысы
10923 просмотров

Кәсіпкерлерге заңгер, бухгалтер және маркетолог кез-келген түйткіл бойынша консультация береді

Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік БАҚ және бизнес-қоғамдастық үшін әрекеттегі бизнесті жүргізуді сервистік қолдау төңірегінде баспасөз конференциясын өткізді. Баспасөз конференциясы кәсіпкерлерге сервистік қызметтер көрсету байқауында іріктеуден өткен сервистік компаниялар өкілдерімен бірге өткізілді.

«Бизнестің жол картасы-2020» Бірыңғай бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасының аясында еліміздің кәсіпкерлеріне әрекеттегі бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсетіледі. Сервистік қолдау әрекеттегі кәсіпкерлерге мамандандырылған қызметтер және жеке консультациялар түрінде тегін ұсынылады.

2014 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасының «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» төртінші бағытының аясында сервистік қолдауды ұсыну жөніндегі оператор ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып табылатынын еске саламыз.

Сәйкесінше, өңірлік деңгейде оператор функцияларын Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырады.

Кез-келген компания штатында білікті бухгалтерлер, заңгерлер, маркетологтар, сапа стандарттарын енгізу жөніндегі мамандарды және т.б. ұстай алмайды. Бірақ мұндай мамандарды консультация алу үшін және жекелеген бизнес-міндеттерді шешу үшін сырттан тартуға болады. Кәсіпкерлер сервистік қолдауды жүзеге асыру аясында осы мәселелерді шеше алады және сервистік қызметтердің мына түрлерін ала алады: бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізумен, сонымен қатар статистикалық есептілікті жүргізумен байланысты қызметтер, кедендік процедуралар бойынша қызметтер, менеджмент жүйесін енгізу бойынша күллі процесті толығымен сүйемелдеу және консультация беру, заңгерлік қызметтер көрсету, маркетинг мәселелері бойынша қызметтер, ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы консультациялар, мемлекеттік сатып алулармен, ұлттық компаниялар және жер қойнауын пайдаланушылар сатып алуларымен байланысты қызметтер, менеджмент мәселелері жөніндегі қызметтер.

Аталған әрбір қызмет көптеген консультациялардан және кәсіпкерлерге көрсетілетін практикалық көмектерден тұрады. Олардың көпшілігін әрекеттегі және ісін бастаушы кәсіпкерлер біле бермейді.

Барлық қызметтер Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО) көрсетіледі. Баспасөз конференциясында консалтингтік компаниялар өкілдері БАҚ және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің кәсіпкерлерге көрсетілетін тегін қызметтердің нақты түрлері туралы, сервистік компаниялардың орналасқан жері туралы, қызмет көрсету уақыты туралы және т.б. сұрақтарына толық жауап берді.

«Кәсіпкерлерге көрсетілетін қызметтер аясы өте кең», - дейді palata.kz-ке берген сұхатында БҚО Кәсіпкерлер палатасы бизнесті сервистік қолдау бөлімінің басшысы Мақсат Құланбаев. – «Кәсіпкерлер көптеген бизнес-міндеттерді уақытын, қаражатын құртпай шеше алады. Көрсетілетін қызмет сапасы жоғары. Былтырғы жылдар бойынша кәсіпкерлер пікірлері мемлекеттік қолдаудың мұндай түрінің өңір бизнесмендері арасында танымалдығынан хабар берелі. Биылғы жылдың өзінде Палатаға көрсетілген қызметтер туралы көптеген жағымды пікірлер келіп түсті. Сонымен, ЖК басшысы Вера Гродненская «Шағын бизнес орталығы» қауымдастығы көрсеткен қызметтер туралы айтып берді. Ол «Орталыққа» жеке кабинет және салық декларацияларына қатысты түйткілдермен жүгінген екен. «Орталық» мамандары түйткілдерін шешіп беруге көмектесіп қана қоймай, құжаттарындағы кейбір кемшіліктерін көрсетіп, түзетіп берген. Медициналық консультация басшысы Орталық қызметкерлері жайлы құзыретті, ілтипатты, адал жандар деген пікір айтты. «Шағын бизнес орталығының басқа да клиенттері Зәуреш Мұқшевадан және Гүлмаржан Есенбаевадан да осындай оң пікірлер келді. Олар орталық қызметкерлерінің жоғары кәсіпқойлығын, ілтипаттылығын атап өтті».

«Сервистік қызметтермен Орал қаласының ғана емес, облыстағы барлық аудандардың кәсіпкерлері қамтылды», - деп жалғады сөзін Мақсат Құланбаев. – «Сервистік компаниялар консультанттары осы мақсатта Батыс Қазақстан облысының аудандарын аралайтын болады. Аудандарға бару кестесі құрылып, ол Палата сайтына қойылды. Сонымен қатар сайтта сервистік қызмет көрсететін барлық консалтингілік компаниялар мен консультанттар мекенжайлары көрсетілген кәсіпкерлерге көрсетілетін қызметтердің толық тізімі бар».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер