«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тұрақтануға деген үмітпен

2015 жылғы 27 Тамыз
- Батыс Қазақстан облысы
11200 просмотров

Бизнесмендер арасында валюта бағамына байланысты дүрлігу мен үрей жоқ!

Батыс Қазақстан облысы бизнесінің өкілдері осы туралы әкімдікте өткен жиналыста сөз етті. Жиналысты ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев өткізді.

Жергілікті бизнесмендер теңгенің еркін бағамының қалайша әсерін тигізгенін ортаға салды. "Стекло Сервис" ЖШС директоры Аркадий Рубцовтың айтуынша, оларда өндіріс көлемі төмендемеген. «Соңғы кездері ресейлік тауарлармен бәсекелесу аса күрделеніп кетті, және де оларға бәсекелесуден қалдық, себебі ресейлік өнім арзандап кетті. Бірақ қазір бәсекелестік қайтып оралуда», - деді кәсіпкер.

Жиналыста сөз алған базарлар басшылары облыста өнім бағасының өсуі байқалмайтынын жеткізді.

Бердібек Сапарбаев БҚО жағдайын өз көзімен көруге әдейі ұшып келгенін мәлімдеді. «Бүгінгі таңда дүрлігудің жоқтығын байқап отырмын», - деп атады Бердібек Сапарбаев. – «Үкімет атынан, қиындықтарға қарамастан, халық алдындағы өз міндеттемелерімізді орындайтынымызға сендіремін. Ол үшін қаржылық әлеует жеткілікті. Бірінші қаңтардан бастап бюджеттегілердің еңбекақысы көтеріледі. Көтерілу орташа алғанда 27% құрайды.  Сонымен қатар мүгедектердің жәрдемақысы, зейнетақы мен стипендиялар көбейтіледі. «Тұрғын үй жинақ банктегі» жеке тұлғалардың салымына келер болсақ, үкімет шығынның орнын толтыруға шара дайындауға нұсқау берді. Біздің міндет – жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу. Сондықтан да бизнес өкілдерінің аузынан жұмыскерлерді қысқартуға және еңбекақы қарыздарына жол бермейтіндері жайлы естіген көңіл қуантады. Біз жоғары білікті мамандарды қысқартпау үшін, кәсіпорындарды субсидиялау төңірегінде жұмыс жасап жатырмыз».

Премьер-министр азық-түліктің қымбаттауы тақырыбын да қозғады.

«Азық-түлікке келер болсақ, бізде әлеуметтік маңызға ие 33 азық-түлік бар, оның ішінде шай мен қантты ғана өндірмейміз. Қалған тамақ өнімдері Қазақстанда өндіріледі. Яғни қазіргі таңда осы өнімдер бойынша баға өсуіне негіз жоқ», - деп баса көрсетті вице-премьер.

Премьер-министрдің орынбасары Үкіметтің бірінші кезекте шынымен де мемлекеттің қолдауын қажет ететін халықтың аз қамтылған топтарын қолдайтынын атап өтті.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер