«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ресейлік кеден түйткілі

2015 жылғы 09 Қыркүйек
- Алматы қаласы
12896 просмотров

Кеден одағы және ЕАЭО аясындағы өзара міндеттемелерге қарамастан, шамамен 150-ге жуық қазақстандық үлкен жүк көліктері Ресейдің шекара маңы бекеттерінде тексерісті күтіп тұр

Тасымалдаушылар шығын шегуде. Уақытша сақтау қоймаларына (УСҚ) тәулігіне өз қалталарынан 7000 рубльден төлеуге тура келіп жатыр, және де 600 рубль түсірілген және тиелген 1 тонна жүк үшін … Жеткізу мерзімін бұзу (ресейлік кеденшілер кінәсінен) компаниялар имиджіне нұқсан келтіруде.

Алматы Кәсіпкерлер палатасында өткен қазақстандық көлік компаниялары брифингінде дәл осы түйткіл талқыланды.

«ҚазАТО Халықаралық автомобильмен тасымалдаушылар одағының бас хатшысы Теодор Капланның айтуынша, Ресей соңғы екі жылда ХЖТ (TIR) жүйесімен Қазақстанға өту үшін өз аумағын жауып тастады деуге болады. ХЖТ (МДП) немесе TIR Халықаралық жол тасымалдары жүйесінің 68 ел қол қойған кедендік конвенцияға негізделетінін еске саламыз. Конвенцияның басты мағынасы  – мемлекеттер шекараларын кесіп өтуді жеңілдету. TIR әрекет ететін елдің жүк тасымалдаушысы шекараны кедендік тазартусыз өте алады. Аталмыш процедура тек нысаналы бекетте ғана жүргізіледі. Ал жүкті тексеру міндетті емес болып қала береді, себебі тиелген тауар арнайы бітемемен бекітіледі, және де арнайы сертификатпен куәландырылады.

ХЖТ осы күнге дейін әдеттегі транзит жүйелеріне қарағанда көліктің транзиттік аумақтан тексерусіз өтуіне мүмкіндік беріп келеді.

«Мәселені барлық деңгейлерде алға тартып, көтеріп отырдық. Соңғы рет осы жылдың 29 мамырында Бурабайда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің премьер-министрлері бас қосып, Ресейдің Федералдық кеден қызметін (ФКҚ) ХЖТ жүйесімен келе жатқан жүктерге аумағын ашуына міндеттейтін өкімге қол қойдық. Алайда сол өкім орындалмай отыр», - деп хабарлады Теодор Каплан.

Оның сөзінше, Ресей Федерациясының шекарасындағы халықаралық автомобиль бекеттері арқылы кіретін және Еуропа мен Азиядан Қазақстанға транзитпен келе жатқан барлық қазақстандық тасымалдаушылар үшін көлік құралын толық кедендік тексеру қолданылады.

«Күтпеген жерден, 3 қыркүйектен бастап, тасымалдаушыларымыз шекара маңындағы кеден қызметтеріне кіруге хабарлама ала бастады. Жүргізушілеріміз УСҚ-ға кіргенде, оларды күшпен деуге де болады, күзетшілермен толықтай жүкті түсіруге мәжбүрлейді», - дейді Теодор Каплан. 

Ресей ФКҚ қазақстандық тасымалдаушыларға бұрын айтылмаған талаптарды орнатуда. Ресей кедендік өткізу бекетері арқылы Кеден одағының сыртқы шекарасын кесіп өткен кезде, оларға жүру бағыты белгіленеді, оған сәйкес ресейлік-қазақстандық шекарадағы кедендік өткізу бекеттерінде CMR (жүкті халықаралық тасымалдаудың көлік жөнелтпе құжаты) белгісін соқтыру қажет.

«Импортшылар, кәсіпкерлер және он мыңдаған шақырым жүріп келіп, үйіне жете алмай жүрген жүргізушілер, барлығы да зардап шегуде», - деп атады Теодор Каплан.

Қазақстанның Халықаралық тасымалдаушылар одағы берген деректер бойынша, Еуропамен жұмыс жасайтын импортшылардың 70% жүкті Қазақстанға дәл осы автомобильмен әкеледі. Осылайша, ресейлік кеденшілер Ресейге әкелуге тыйым салынған Еуроодақтың санкциялық өнімдері контрабандасымен күресіп жатыр. Бірақ санкциялық «мәселелер» Ресей Федерациясына ғана қатысты – өз түйткілдеріне бейтарап жатқан Қазақстанды араластырудың қажеті қанша? Оның үстіне, тауарды өткізу бостандығы – Кеден одағының да, ЕАЭО-ның да заңнамасындағы постулаттардың бірі.

«Атамекен» ҚР ҰКП Төрағасы Абылай Мырахметов ЕЭК Алқа Төрағасы Виктор Христенкоға және ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа хат жолдағанын естідім. Мәселенің оң шешімін табарына сенеміз», - деп баса көрсетті ҚазАТО басшысы.

Бірақ мәселе әзірше шешілген жоқ, және де қазақстандық көлік компаниялары шығын шегуде, ал тұтынушылар өздеріне қажет еуропалық тауарлардан айрылып қалуы мүмкін.

«Бұл Қазақстанды оқушаулаудан басқа ештеңе де емес. Тасымалдаушыларымыз 200 мың сапар жасады, және де ешқашан да ресейлік тараптың жосықсыздыққа жазғыруына себеп болған емес. Шекараның ашылғанына төрт жыл болды, кедендік бекеттер жоқ, ал олар керісінше бәрін күшейтіп отыр. Бұл үшін жауап беретін біреу болуға тиіс!», - деді қорыта келіп Теодор Каплан.

Халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағына Ресей Федерациясы кеден органдарының әрекетіне шағыммен бірнеше тасымалдаушы компания жүгініп те үлгерді. Олар - «Нұртау Транс» ЖШС, «Euro Truck» ЖШС, «Тяжкороб» ЖК, «Транс-Сервис» ЖШС, «Trans-Leasing.KZ» АҚ, «Филиппов» ЖК және басқалары.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Федералдық кеден қызметі және РФ Көлік министрлігі атына ресейлік-қазақстандық шекарадағы қазақстандық тасымалдаушылардың басына түскен жағдайды тез арада ретке келтіруді талап етіп хат жолдағаны белгілі болды. Таяу арада екі жақты консультациялар жүргізіліп, ақтық шешім қабылданады деп күтілуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер