«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Батыс Қазақстан кәсіпкерлеріне кедергі жасап жүрген кім?

2015 жылғы 25 Қыркүйек
- Батыс Қазақстан облысы
10942 просмотров

ӨКП мемлекеттік органдардан бизнес жұмысына бөгет жасаушы әкімшілік кедергілерді жоюды сұрайды

БҚО Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындағы Қоғамдық Кеңестің кезекті отырысында Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер субъектілеріне мемлекеттік қызмет алу кезінде кездесетін әкімшілік кедергілер туралы мәселені бастамалады.

«Эксперименталдық жағдайлар өткізу арқылы және жекелеген кәсіпкерлердің қатысуымен бизнес субъектілерінің уәкілетті органдар мен ұйымдарда рұқсат ету процедураларынан өту тәжірибесіне талдау жасалды, - деп хабарлады Кеңес мүшесі, БҚО КП директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Нұржан Мақсотов. - Сөйтіп, БҚО бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері кәсіпкерлерге мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз түрде бас тартады, қолданыстағы заңнамада көзделмеген құжаттарды сұратады. Олар сонымен қатар келіп түсетін өтініштер мен ұсынылған құжаттардың толықтығын тексермейді де, нәтижесінде осы өтініштерді қарайтын уәкілетті органдар кәсіпкерлерге қызмет көрсетуден бас тартуға мәжбүр болады».

Нұржан Мақсотов мемлекеттік қызмет алуда кәсіпкерлерге жасалатын басқа да кедергілер жайлы хабарлады. Сөйтіп, БҚО табиғи ресурстар және табиғатты қолдануды реттеу басқармасы экологиялық сараптауға жатпайтын жобаларға осындай сараптамалар өткізе отырып, кәсіпкерлердің құқығын бұзады, сонымен қатар сараптама өткізуден негізсіз түрде бас тартады.

Ал БҚО бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің қызметінде өтініш иелеріне уәждемесіз, лицензия беруден жаттанды бас тартулар жіберу деректері орын алған.

Барлық анықталған деректер бойынша тәртіптік сипаттағы шаралар қолданылды.

Жалпы, 2015 жылғы 8 ай ішінде кәсіпкерлер палатасы 21 әкімшілік кедергіні анықтаған. Оның ішінде 13 жойылған, қалғаны бойынша республикалық және өңірлік деңгейде сәйкес жұмыс жүргізіліп жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер