«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» электр энергиясы қуаты нарығын енгізу мерзімін 2019 жылғы 1 қаңтарға қалдыруды ұсынады

2015 жылғы 19 Қазан
12772 просмотров

Сенат Ұлттық палатаның электр энергетикасы мәселелері жөніндегі өзгерту жасауға қатысы ұсынысын мақұлдап, заң жобасын Мәжіліске түзетуге жіберді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес субъектілерінің электр энергиясын тұтынуға кететін шығынының көбеюіне жол бермеу мақсатында қуат нарығын енгізу мерзімін шегеруді бастамалады.

Сәл бұрын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергиясы мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасында қуат нарығын 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу көзделген болатын. Заң жобасы Қазақстан Республикасы Мәжілісінің мақұлдауын алып, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қарауында жатқан еді.

«Атамекен» ҰКП әлемдік жағдаяттың нашарлауына және осының салдарынан жүргізілген ұлттық валютаның девальвациясына байланысты кәсіпкерлік қызмет үшін экономикалық жағдайдың нашарлауына назар аудара отырып, электр энергиясы қуаты нарығын енгізу мерзімін 2016 жылғы 1 қаңтардан 2019 жылғы 1 қаңтарға ауыстыру мүмкіндігін қарауды бастамалады.

Қазақстан Праламентінің Сенаты аталмыш мәселені бизнес өкілдерімен бірлесе талқылау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі жасаған ұсыныстарды ескере отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын қарап шығып, аталмыш ұсынысты мақұлдады және заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне сәйкес түзету жасау үшін жіберді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер