«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Идея-шабыт-бизнес

2015 жылғы 24 Қараша
- Ақмола облысы
10371 просмотров

Ісін бастаушы бизнесмен үшін «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» анықтамалығын оқып-зерттеу шешуші факторға айналды

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Атбасар филиалының активіндегі бизнес-жоспар құрудан бастап қисынды соңына дейін Палата сарапшылары сүйемелдеген әрі сүйемелдеп жүрген табыспен құрылған кәсіпкерлік істер қатары толықты.

Ісін бастаушы кәсіпкер Әсет Қоңырбаевтың оқиғасы аудандық «Простор» газетінен Кәсіпкерлер палатасының ұсынылатын қызметтері туралы хабарландыруды көзі шалғанда басталған еді. Атбасар қаласының тұрғыны бірден ӨКП жергілікті филиалына жеке бизнес ашу идеясын жүзеге асыруда көмек сұрап жүгінеді.

Палата сарапшылары есептеулер бойынша өңір шегінде ол үшін тиімді болуы мүмкін бизнес-идеяны ұсынды. Ал нәтижесін бекіту үшін «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» анықтамалығын зерделеуді нұсқайды. Ісін бастаушы бизнесмен үшін осы шешуші фактор болған еді. Жинақта қадам-қадамдық нұсқаулықтар, егжей-тегжейлі қаржылай есептеулер, өнімді өндіру технологиялары, бизнес үшін қажет құралдар мен техника сипаттамасы, және де тіпті бизнесті бастауға арналған барлық ықтимал қаржыландыру көздеріне шолу берілгені белгілі.

Ақырында Палата сарапшылары кәсіпкердің ЖК тіркеуіне көмектесіп, дүкенге арналған жалдау орнын тауып берді де, Атбасарда «Тоймаг» атты жаңа азық-түлік дүкені ашылды. 

«Менің ойымша, азық-түлік сату – ең пайдалы әрі сенімді кәсіпкерлік қызмет түрінің бірі. Мен үшін «... 100 жоба» анықтамалығы сүйеніш болды. Палата сарапшыларына сүйемел жасап, қолдау көрсеткендері үшін рахмет», - деп баса көрсетті ісін бастаушы ритейлер.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер