«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жол бойы сервисі

2015 жылғы 28 Желтоқсан
- Батыс Қазақстан облысы
16396 просмотров

Кәсіпкерлер жол бойы сервисін дамытуда мүдделерін ескеруді сұрайды

Өңірлік палатаның жұмыс тобы жол сервисі нысандарын дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы шарт жобасын қарап, 2020 жылға дейін республикалық маңызға ие автомобиль жолдары бойында Жол бойы сервисін дамыту бағдарламасымен жұмыс жасауға дайын әрекет етуші және әлеуетті кәсіпкерлермен талқыға салды.

Үстіміздегі жылы Орталық-Солтүстік, Орталық-Шығыс, Орталық-Оңтүстік, Орталық-Батыс және Алматы-Шығыс сияқты бес негізгі бағытта автомобиль жолдарын салуды көздейтін «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасын белсенді түрде жүзеге асыру басталғанын еске саламыз. Осыған байланысты жол бойы сервисін дамытуға инвесторлар тарту жөніндегі жұмыс белсене түсті.

Қазірде республикалық маңызға ие автомобиль жолдары бойында 3028 сервис нысаны орналастырылған, олардың ішінде 107 нысан Батыс Қазақстан облысында.

Жол бойы сервисі нысандарының көп бөлігі үстіміздегі жылдың 1 шілдесінде енгізілген ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейді және халықаралық транзиттік тасымалдаулар және ішкі сұраныс сияқты қызметтерді толыққанды жүзеге асыруға қабілетсіз.

Республикалық автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ компаниясы 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасы республикалық маңызға ие автомобиль жолдары бойында Жол бойы сервисін дамыту бағдарламасының жобасын дайындап, ол қазірде барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісу процесінде жатыр. Бағдарламаға сәйкес, 260 сервис нысанын салу жоспарланған. Бұл 2 мыңнан астам жұмыс орнын жасақтайды.

Қазірде өңірлік палаталар талқылауына «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, өңірлік кәсіпкерлер палаталары, әкімдіктер және ЖШС/ЖК (әрбір ШОБ субъектісі бойынша сол жерде жеке шарт) арасында жол сервисі нысандарын дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік шарт жобасы келіп түсті.

Шарттың көптеген тармақтары облыс бизнесмендері тарапынан сауалдар туындатты. Мысалы, шарт жобасының бастапқы нұсқасында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ міндеттемелерінде автомобиль жолын бұру жолағы шегіндегі нысанға келетін жолдар мен демалыс алаңын салу және күтіп ұстауды көздейтін тармақ жазылып, кейін алынып тасталған. Яғни кәсіпкерлер жол бойы сервисі иелерінің өзі шамасы жетпейтін дүниені «ҚазАвтоЖол» компаниясының міндеттемелері қатарынан алып тастап отырғанына түсінбеушілік танытуда.

ЖК басшылары Виктор Мусатов пен Арман Бисенғалиев аталмыш тармақты шарттағы негізгілердің бірі ретінде қайта қосуды ұсынды. Олар сонымен қатар шарт талаптарына жекелеген шарттар бойынша орындаушыға ұлттық оператордың жол техникасын жалға беру мүмкіндігін көздейтін тармақты қосуды ұсынды. «Қазір техника берілген бағдардан ауытқи алмайды, сондықтан да жол бойы сервисінің иелері жақында жұмыс жасап жүрсе де, қандай ақшаға болмасын, тракторларды, грейдерлер, бульдозерлерді жалдай алмайды. Себебі «ҚазАвтоЖолдың» өзіне де жекелеген шарт бойынша техниканы жалға ала алғаны тиімді болар еді», - деді жол бойы сервисі иелері.

Кәсіпкерлер сонымен қатар «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ нысанға тікелей жақын жатқан нысанға бұрылыстарды, жол белгілері мен бағдарларды ҚР стандарттарына сәйкес жөндеуді әрі қайта қалпына келтіруді жүргізуге тиіс деген тармақты қосуды сұрады.

Төрт жақты шарттарға әкімдік тарапынан инфрақұрылым, атап айтқанда, нысанға коммуникациялар (газ, су, электр құбырларын) тарту және облыс аумағында кәсіпкерлік қызмет субъектілері үшін тарифтер қарапайым халыққа қарағанда бірнеше есе жоғары болғандықтан, жол бойы сервисі субъектілері үшін жеңілдікті тарифтер мүмкіндігін қарастыру жөнінен қолдауды көздейтін тармақтар қосу сұралды.

Осы және басқа да ұсыныстар «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қарауына жолданды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер