«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жол мәселесі

2015 жылғы 31 Желтоқсан
- Батыс Қазақстан облысы
13940 просмотров

Атыраулық жолаушылар тасымалдаушы - «ЛаВаТранс» ЖШС Ұлттық палатаға мүддесін қорғауды сұрап жүгінді

Мәселе Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің жолдың тайғақтығына орай халықаралық тасымалдауларға тыйым енгізгендігінде болып отыр.

«ЛаВаТранс» ЖШС Атырау-Орал қала аралық бағытында ресми тасымалдаушы бола тұрып, кездейсоқ кедергі – көктайғақ кезінде автобустардың жолға шығуына тыйым салынуына тап болды. Жолаушылар тасымалдаушы аталмыш тыйымды заңсыз әрі орынсыз деп санайды, себебі автобус ең қауіпсіз және тұрақты көлік түрі болып табылады. Оның үстіне көптеген автобустар бүгінде жылдамдықты бақылаудың GPS жүйесімен жабдықталған, әрбір автобус экипажы екі тәжірибелі жүргізушіден тұрады. «Қараша айының ішінде ғана БҚО полициясы жолды үш рет жапқан, ал тайғақ 540 шақырым тас жолдың 60-70 шақырымын ғана құрайды. Қаншама миллион шығынға батып жатырмыз, бюджетке салық толық түспей жатыр. Бұл жағдайды автобустарды қосқанда ондаған автомобильден тұратын коллоннаға патрульдік машинаны ілестірумен шешуге болар еді», - деп жазыпты Ұлттық палатаға өтінішінде «ЛаВаТранс» ЖШС директоры В. Синкевич.

ҰКП өңірлік палатаға аталмыш жағдайды егжей-тегжейлі анықтауды тапсырып, осыған байланысты ӨКП құқықтық блогы БҚО Ішкі істер департаменті, көлік прокуратурасы, көлік бақылау инспекциясы, «Қазавтожол» батыс-қазақстандық филиалы басшылығымен, сондай-ақ Оралдағы «ЛаВаТранс» ЖШС өкілдерімен жиналыс өткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша облыс прокуратурасына жол қозғалысын шектеу жөнінде шешім қабылдау кезінде барлық процедуралардың заңдылығы мен сақталуы мәніне хат жолданды.

Кәсіпкерлік субъектілеріне (Атырау қаласындағы "ЛаВаТранс" ЖШС және Орал қаласындағы "ЗКАП" ЖШС) тоқтатылған сапарлар саны, келтірілген шығын сомасы бойынша талдау жүргізу және автобустарды тас жолға жібермей, бағыттық таксилер өткізіліп, осылайша, жекелеген көлік құралдарына артықшылық берілген сәттерге дәлелдер мен айғақтар ұсыну тапсырылды. Яғни жол полициясы қызметкерлері әрекетінде сыбайлас жемқорлыққа да жол берілуі мүмкін.

Сонымен қатар қозғалысты ішінара шектеу жағдайы орын алған жағдайда ілесіп жүруді жүзеге асыру мүмкіндігін ұсынуға қатысты өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ішкі істер органдарының нормативтік құқықтық актілерін зерттеуге шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер