«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жаңа жағдайда электронды сандық қолтаңбасыз және электронды шот-фактурасыз экспорттау және импорттау мүмкін емес

2016 жылғы 27 Қаңтар
- Батыс Қазақстан облысы
15811 просмотров

Кәсіпкерлерге Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне байланысты тауарларды әкелу және әкетудің жаңа ережелері түсіндірілді

Батыс Қазақстан облысы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылары Кәсіпкерлер палатасы алаңында Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне орай салықтық және кедендік реттеудегі өзгерістер мәселелері бойынша егжей-тегжейлі түсіндірулер алды.

Облыстағы мемлекеттік кіріс департаменті мен ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясы өкілдерінің қатысуымен осындай кездесу өткізу қажеттілігі облыс кәсіпкерлерінің Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу мен әкетудің жаңа ережелерін түсіндіруді сұраған көптеген өтініштері келіп түсуімен шартталып отыр.

2015 жылғы 22 маусымда Женевада Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі келіссөздерді аяқтағанын, қазан айында ҚР Президентінің Жарлығымен еліміздің ДСҰ-ға енуі жайлы Хаттаманың ратификацияланғанын және 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының аталмыш ұйымға толыққанды мүше болып кіргенін еске саламыз. Үстіміздегі жылдың 11 қаңтарында ЕАЭО аумағына тауарларды әкелу және олардың айналымы туралы Хаттама күшіне еніп, сонымен бірге «ҚР ДСҰ-ға кіру шарты ретінде қабылдаған міндеттемелерге сәйкес ЕАЭО БКТ-дан біршама төмен әкелу баждары мөлшерлемесін қолданатын тауарлар тізбесі туралы» ЕАЭО Кеңесінің Шешемі де күшіне енді.

БҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Нұрболат Абдулов: «БҚО-да үшінші елдерден импортталатын тауарлардың көлемді тізбесі келеді, сондықтан да сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар ДСҰ-ның да, ЕАЭО бірыңғай кедендік тарифінің де мөлшерлемелері мен баждарын нақты біліп жүруі қажет, өйткені ДСҰ мөлшерлемесімен әкелінетін тауардар Кеден одағы елдеріне экспортталмауға тиіс. Тауарлар тізбесі кең ауқымды, кәсіпкер экспортқа жоспарланған тауар мөлшерін ЕАЭО БКТ мөлшерлемесі бойынша ресімдеуге тиіс, және де аталмыш көлемді мемлекеттік кіріс органдары растауға тиіс», - деп түсіндірді.

«ҚР-ға бірыңғай кедендік тариф мөлшерлемесімен әкелінген тауарлар ЕАЭО кедендік аумағына апару кезінде кедендік декларация және электронды шот-фактурамен бірге жүруге тиіс. ҚР-да өндірілген тауарды апару кезінде ЕАЭО мүше мемлекеттері, тауар аталмыш топ тауары Алып қоюлар тізбесінде болған жағдайда, растаушы құжат ретінде СТ-1 формасындағы тауардың шыққан тегі жайлы сертификат ұсынуға тиіс. Хаттамаға сәйкес, ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) жататын, Қазақстан Республикасы аумағына үшінші елдерден әкелінген тауарлар және олардан өндірілген тауарлар осы тауарларда ЕАЭО ветеринарлық-санитарлық шаралары саласындағы талаптар бойынша және ЕАЭО БКТ қолданыстағы мөлшерлемесі бойынша әкелінген жағдайда ғана орын ауыстыра алады», - деп түсіндірді дөңгелек үстелге қатысушыларға БҚО бойынша МКД тауар номенклатурасы басқармасының басшысы Сағида Шәкенова.

СЭҚ қатысушылары электронды сандық қолтаңбаны және электронды шот-фактураны ресімдеу ережелері бойынша сауалдар қойды. Онсыз жаңа жағдайда тауарларды экспорттау және импорттау мүмкін емес. «Желаев нан өнімдері комбинаты» ЖШС өкілі Алексей Борзиков ЭШФ толтыру кезінде туындайтын техникалық түйткілдер жайлы айтты. Әкелінетін тауар тізімі көлемді болса, ҚР заңнамасында көзделген 15 күнде бітіру қиынға соғады. Оған Палата сарапшылары ҚР Салық Кодексіне ЭШФ жөнелту мерзімін 30 күнге дейін созу туралы өзгерту енгізуді бастамалауды ұсынды.

Жалпы, дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі ДСҰ төмендетілген мөлшерлемелерін төлеумен үшінші елдерден тауарлар әкелудің үлкен мүмкіндіктер ашып отырғанын, мұның өткізілетін және өнідретін тауардың бәсекеге қабілеттілігіне әсерін тигізетінін және отандық кәсіпкерлікті дамытуда үлкен мүмкіндіктер беретінін атады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер