«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Инвестициялауға триллион бөлінді

2016 жылғы 10 Ақпан
10638 просмотров

Елбасы Қазақстанның экономикасына, тұрғын үй құрылысы мен АӨК саласына қолдау көрсетуді тапсырды

Қазақстанда дағдарысқа қарсы шаралар қосымша қабылданатын болды. Әрі бұған қомақты қаржы бөлінеді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы кезінде осындай шешім қабылданғанын Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық экономикаға үлкен сома, яғни 1 триллион 450 млрд. теңге қосымша инвестицияланатын болады. «2016 жылы 1 трлн. 450 млрд. теңге еркін зейнетақы жинақтарын бірқатар бағыттарға инвестициялауды тапсырамын», – делінген Елбасының сөзі Ақорда баспасөз-қызметінің Твиттер парақшасында хабарланды.  

АӨК-нің басымдыққа ие жобаларын қаржыландыру үшін «ҚазАгро» ұлттық холдингіне 100 млрд. теңге бөлінеді. Қомақты бюджеттік қолдауды тұрғын үй құрылысы саласындағы құрылысшылар да алатын болады. Жеке құрылыспен айналысушыларды қолдау үшін Елбасы, қайтарым негізінде, 97 млрд. теңге бөлуді жүктеді. Тағы да 143 млрд. теңге несиеге берілетін баспанаға, оның ішінде 22 млрд. теңге салымшыларды несиелендіруге үлестіріледі. 53 млрд. теңге жалдамалы тұрғын үй құрылысына беріледі. Сонымен қатар, Елбасы «тұрғын үйдің бағасы әлеуметтік бағдарлану шамасында болу керектігіне» назар аударды. Президент Н.Ә.Назарбаев «мұның бәрі 2016 жылы қосымша 1,5 млн. шаршы метр баспана салуды және ІЖӨ өсіміне үлес қосуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін» атап өтті.  

«Мүмкіндіктерді, оның ішінде экономиканың бағамға түзетілімін бағалай отырып, біз дағдарысқа қарсы қосымша қаражат бөле аламыз» деген Елбасы сөзін Ақорданың баспасөз қызметі келтіреді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер