«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өндіріспен ұштасқан ғылыми жоба

2016 жылғы 12 Ақпан
- Батыс Қазақстан облысы
6464 просмотров

Инноватор-ғалым, ұстаз, техника ғылымдарының докторы, профессор Сәрсенбек Монтаевтың бастамасымен құрылған Оралдағы «Инжиниринг және ресурстарды үнемдеу» ҒЗИ базасында зерттелген ғылыми жұмыс, инновациялық жоба Қызылорда қаласында бірінші рет өндірістік сынақтан өтті.

Мұнай шламдарын кәдеге жарату жобасы Қызылорда қаласындағы «СМП- Қызылорда» ЖШС-ның зауытында сынақтан өткен. Бұл кәсіпорында жылына 20 млн дана керамикалық кірпіш шығарылады. Сынамаға «СМП – Қызылорда» ЖШС-ның директоры Т.Әлімқұлов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қ.Бисенов, Қызылорда облысының Экология департаментінің зертханалық-сараптамалық бақылау бөлімінің жетекшісі, ғалым С.Пазылова, «Инжиниринг және ресурстарды үнемдеу» ҒЗИ-дың директоры С.Монтаев және бірнеше мамандар мен докторанттар қатысты.

С.Монтаевтың айтуынша, мұнай шламының жанғыш қасиетін ескеріп, оның жылуын пайдалануымыз керек. Ірі мұнай өндіретін компанияларда мұнай қалдықтары ысырап болады, өртеледі немесе арнайы полигон қоймаларында сақталады.

Ғалым мұнай шламын құрылыс керамикасы технологиясында қолдану жайын зерттеп, оң нәтиже берген жағдайда аталған технологияны ірі зауыттарда өндіріске енгізуді мақсат етті. Оның жетекшілігімен шәкірті, докторант Сәбит Жарылғапов осы тақырыпта докторлық диссертация жазды. Зауыттағы сынақта керамика технологиясына кететін энергия шығынын 25-30 пайызға азайтып, сапасы жоғары өнім алуға болатыны дәлелденді. Бұл керамикалық кірпіш өндіретін кәсіпорындарға экономикалық жағынан тиімді әрі қоршаған ортаның мұнай шламымен ластануын азайтпақ.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер