«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚДБ қарыз алушыларды «бір доллар – 500 теңге» бағамы бойынша тексеріп көрді

2016 жылғы 17 Ақпан
14679 просмотров

Қазақстанның даму банкі қарыз алушылардың күрт секірістерге төтеп беру қабілетін тексерді

Қазақстанның даму банкі  қарыз алушылар арасында бір долларға 500 теңге бағамы бойынша жүргізілген стресс-тестілеудің кейбір  нәтижелерімен таныстырды.  

«Біз бірнеше параметрлер бойынша тестілеуден өткіздік, солардың бірі ретінде бағамның өзгеруін пайдаландық. Бағдар ретінде бір долларға шаққанда 500 теңге болатын өзгерісті алдық», – деді бүгінгі брифингте  Қазақстанның даму банкінің төрағасы Болат Жәмішев.

«41%-дық несие қоржыны – бұл жағдайда алдын ала қам жасаудың қажеті жоқ, ол теңгемен болсын немесе экспорттық несиелер болсын, күмән туғызбайды, немесе бұл қамтамасыз етудің күшті құрылымы екеніне біздің көзіміз жетті. Жалпы алғанда, біздің қоржынымыздың 41%-ы – осындай айырбас бағамы кезінде және басқа да тәуекелдер кезінде қинала қоймайтынымызды көрсетті, біз де стресс-тестілеу кезінде осыны бағалауға тырыстық», - деп атап көрсетті Б.Жәмішев.

Сонымен бірге, ҚДБ басшысы «қоржынның 44%-ы валюталық тербелістерге сезімтал, бірақ бұл жобалар бойынша үшінші тұлғалардың сенімді кепілдігі, не болмаса акционерлер тарапынан қолдау бар», – деді.

«Жалпы, бұл біздің мониторинг жасайын деп отырған, тәуекелдерге әкеп соғуы мүмкін жағдайлар жөнінде бірлесіп жұмыс істейтін жобаларымыз. Мысалы, энергетикада, кәсіпорындар шығынының жаңа деңгейін ескере отырып, тарифтер мәселесін шешу қажет екендігі даусыз», – деп қосты Болат Жәмішев.

ҚДБ төрағасының мәліметтері бойынша, «9 жоба немесе 15%  – валюталық тәуекелдерге сезімтал жобалар». 

«Біз белгілеп берген бұл өзгерістер оңай емес. Егер олар валютамен алса, онда олардың теңгедегі міндеттемелері екі есеге өседі, және де, егер  валюталық түсім жоқ болса, бизнес-модель қандай да бір қайшылықтардың болуы мүмкін екендігін көрсетеді»,– деп толықтырды банк басшысы.

Болат Жәмішев 2015 жылы Қазақстан даму банкі стресс-тестілеуді долларына 300 теңгеден жүргізгенін еске салды.

Жанар Сердалина 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер