«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Іскер әйелдерге жол ашық

2016 жылғы 24 Ақпан
- Батыс Қазақстан облысы
10606 просмотров

Оралдық кәсіпкер әйелдер мемлекеттік қолдауға ие болудың мүмкіндіктерімен танысты

Батыс Қазақстан облыстық Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі біршама басқа форматта өтті.

Отырыста Кәсіпкерлік басқармасынан шақырылған мамандар Руслан Ихсанов пен «Даму» қорының өкілі Алтынбек  Шайдуллин «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту және қолдау бірыңғай бағдарламасы аясында жүргізілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді.

Руслан Ихсанов пен Алтынбек Шайдуллин мемлекеттік қолдаудың негізгі өнімдері туралы ақпарат берді, қазір елімізде кез келген жобаны, әсіресе, әйел-кәсіпкерлердің жобаларын қолдауға ерекше көңіл бөлініп жатқанын айтты, әрине, бұл жобаларды алдымен банк мақұлдауы тиіс.

Өңірлік палатаның Бизнесті қаржылық емес қолдау бөлімінің бастығы Мақсат Құланбаев Әйелдер кеңесінің мүшелеріне тегін сервистік қызметті қалай алуға болатынын айтты. Бұл ақпарат бизнесвумендерді қатты қызықтырды. Олар бірден сұрақтарын жаудырып, өздері сияқты тәжірибелі кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алуда қиындықтар көп екенін, біресе қалалық тіркеу, біресе жоба басымдыққа жатпайды, біресе кепілдің жетіспеуі деген сияқты сылтаулар және т.б килігетінін айтты. «СКФ «Отделстрой» ЖШС директоры Валентина Михно өз басынан мысал келтіріп, банк жобаны бекіту процесінде айтылмаған жеке мүліктік кепіл туралы талаптарды ұсынып, сол себепті несие ала алмай қалғанын айтты, ал өзі ұсынған кепіл банктің талабынан үш есе артық болған.  «Егер тіпті Валентина Павловна сияқты тәжірибелі кәсіпкер мемлекеттік бағдарламамен несие ала алмаса, жаңадан бастағандар тұрмақ, шағын бизнестегі кәсіпкерлер туралы не айтуға болады», – деп, қынжылыстарын жасырмады отырысқа қатысушылар. Оларға берілген жауапта мемлекеттік қолдауға ие болу мүмкіндіктерін насихаттау және ақпарат беру мақсатымен осы кездесудің арнайы ұйымдастырылып отырғаны айтылды. Бұл жайында әйелдер неғұрлым көбірек білуі тиіс.

«Екінші деңгейлі банктерді қоспағанда, «БЖК-2020» бағдарламасымен бірге, несие бере алатын басқа да бағдарламалар мен қаржы институттары бар, – деп түсіндірді мемлекеттік орган және «Даму» қорының мамандары, – бизнесмендерге сұрау салу көрсеткендей, қазір тұрақты түрде БАҚ-қа шығатын ақпаратқа қарамастан, адамдардың көпшілігі осы бағдарламалар туралы білмейді. Іскер әйелдер кеңесі облыстың ауылдық аудандарында түрлі кездесулер, дөңгелек үстелдер, көшпелі отырыстар өткізу арқылы ақпарат берудің арнасына айналуы тиіс».

Кеңес отырысында осыған жауап ретінде кеңестің жұмыс формалары, кәсіпкерлік саласына неғұрлым жастарды көбірек тарту үшін іс-қимыл форматын өзгерту, БҚО жастары арасында іскерлік белсенділік және кәсіпкерлік бастамаларды арттыру үшін түрлі іс-шаралар өткізу туралы қызу пікірталас өрбіді.

«BASTAU» Тренинг орталығы» ЖШС директоры Роза Бурковская кәсіпкерлерге арналған бұқаралық іс-шара өткізуді ұсынды. «Оның мақсаты – Қазақстанның батыс өңірінің іскерлік және кәсіпкерлік белсенділігін Оралға, Еуразия кеңістігіне, Қазақстанның еуропалық бөлігіне  ауыстыру. Ең бастысы – бейтарап, мысалы, коворкинг-аймақтағы бейформатты  тұжырымдама, – деп Роза Бурковская өз идеяларымен бөлісті. –  Спикерлердің қызықты баяндамалары, өткір сұрақтардың қойылуы, күтпеген жауаптар жаңа нәрселерді білуге, жаңа әріптестермен, кәсіпкерлермен, ниеттестермен танысуға көмектеседі. Және де осының бәрін Батыс Қазақстандағы ең үлкен коворкингтік клубтың атмосферасында хош иісті кофе ішіп отырып білуге болады».  

«Ең бастысы – нәтиже: қол қойылған келісімдер, шарттар, жеке байланыстар орнату. Мұның бәрі шекаралық ынтымақтастық мүмкіндіктерін ескере келгенде, Батыс Қазақстан үшін өте өзекті. Әрине, жалғыз жүріп жол таппайсың, ал, ӨКП-ның қолдауымен барлығымыз біріксек, бұған қол жеткізуге болады», – деп түйіндеді Роза Бурковская.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер