«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкер заңды бес саусағындай білу керек

2016 жылғы 18 Наурыз
- Батыс Қазақстан облысы
9121 просмотров

Енді үстем және монополистік дәрежесі бар кәсіпкерлер нарық субъектілерінің тізіліміне енгізілмейтін болды

Бұл туралы кәсіпкерлерге ҚР Кәсіпкерлік кодексінің өз күшіне енуіне байланысты монополияға қарсы заңанамаларды түсіндіруге арналған семинар барысында айтылды. Аталған іс-шара кәсіпкерлер палатасының ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің департаментімен бірлесе ұйымдастырды. «Егер бұрын облыстар бойынша 54 кәсіпорын қосылған болса, осы жылы барлығы тек 7 табиғи монополия субъектісі енгізіліп отыр. Яғни, нарық субъектілері департаментке есеп беруге міндеттелмейді. Сонымен қатар, жаңа заңнамада кәсіпорындар заң бұзушылық орын алған жағдайда оны дер кезінде хабарлап отыру керектігі және ол мәселені он күннің ішінде түзеуге жағдай жасалатындығы айтылады», – дейді Департамент басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Ислямов.

Сондай-ақ, облыстық мониполияға қарсы ведомствоның басшысы Нұрбол Ислямов көптеген кәсіпкерлер бәсекелестік құқық нормаларын білмегендіктен, заңнамаларды бұзып, жауапкершілікке тартылып жататындығына тоқталды. Әсіресе, олар бәсекелестікке қарсы келісім әрекеттері және нарықтағы жауапсыз бәсекесі үшін тартылады екен. Нан өнімдерін өндіруші  «Исаев» ЖК-нің өкілі қойған сауалға Нұрбол Ислямов:  «Бұл мәселе – үстемдік етуші және нарықта монополист болып табылатын кәсіпорынның бір уақытта бірдей баға көтеруіне қатысты орын алып жатады, – дейді. – Біз тексеріс барысында бәсекелестікке қарсы ымыраны анықтаған болсақ, яғни олар бір уақытта нанның бағасын бірдей бағаға қымбаттатса, әкімшілік жауапкершілікке тартамыз», – деп жауап берді.  «Кәсіпкерлерді үнемі Кәсіпкерлік кодексімен таныстырып отырамыз. Бұл бұзылуы мүмкін заңнамалардың алдын-алу мақсатында жүргізіледі. Көптеген кәсіпкерлер заң бұзушылық мәселелері орын алып, сотқа жеткен кезде ғана бізге жүгініп жатады. Осы секілді семинарлар бизнес субъектілерінің істі болмауларына көмегін тигізеді», – дейді Өңірлік палата филиалының басшысы Мағрипа Нигишева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер