«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнестің сенімін ақтау керек

2016 жылғы 08 Сәуір
- Батыс Қазақстан облысы
12018 просмотров

Бизнес-омбудсмен оралдық кәсіпкерлердің проблемаларына құлақ түрді

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов кәсіпкерлермен болған есеп беру кездесуі аяқталған соң, бизнес өкілдерін қабылдап, кәсіпкерлердің нақты проблемаларын тыңдап, одан ары жұмыс істеу мақсатында олардың кейбірін түртіп алды.

Бұл, ең алдымен, жер телімдерін алуға және олардың нысаналы мақсатын өзгертуге, мемлекеттік мүлік нысандарын мүліктік жалға беруге, тасымал тарифтерінің тасымалдаушылардың нақты шығыстарына сәйкес келмеуі, жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік заңнаманы орындамауы сияқты мәселелерге қатысты болды.

«Жер телімдерінің қолжетімсіздігін шешу үшін облыс әкімі Алтай Күлгіновпен кездесу барысында кезеңдік негізде аукциондар өткізу ұсынылды. Аукционға қойылатын жер телімдерінің тізімін жасағанда, кәсіпкерлердің қандай да бір жер телімін алу туралы ұсынысы ескерілуі қажет. Әкім мәселені шешудің осы жолын құптады. Оған қоса, көп ұзамай БҚО-да мұндай аукциондар өткізілетіндігін айтты», – деді кәсіпкерлерге бизнес-омбудсмен.

БҚО-да барлығы 444 елді мекен болса, соның ішінде 246 елді мекенде бас жоспар жоқ. Оған себеп бұл мақсатқа бюджет қаражытының жоқтығы. Оған қоса, облыстағы 188 елді мекеннің бас жоспары өткен ғасырдың 70-80 жылдары әзірленген әрі қала салу талаптарына сай келмейді. Көптеген өңірлерде жер телімдрінің электронды карталары жасалып қойған, бұл бизнесті жоспарлау мен ашуды біршама жеңілдетеді. Жер телімдерінің электронды карталары әзірленуі және ашық болуы шарт, әсіресе, бос жер телімдері болған жағдайда.

Болат Палымбетовтің айтуынша, осы жағдайлар жер телімдерін беруден бас тартуға негіз болып отыр. Оған қоса, бұрыннан бар бас жоспар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын өзгерту – бұл жергілікті атқарушы органдардың құқығы. Тәжірибеде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сай келмейтін жер телімін беру немесе жер телімінің мақсатты тағайындамасын өзгерту сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайды. Өйткені, жергілікті атқарушы органдар (жер комитеті, архитектура бөлімі) кәсіпкерлерді егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын өзгерту мүмкіндігі үшін немесе егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес келмейтін жер беру (нысаналы мақсатын өзгерту) үшін сыйақы беруге мәжбүрлейді.

Тасымал тарифтерінің тасымалдаушылардың нақты шығыстарына сәйкес келмеуіне қатысты мәселе бойынша сәйкес бюджеттен тасымалдаушылардың шығынын субсидиялауды немесе адам тасымалымен айналысатын саладағы кәсіпкерлік субъектілерінің әрекетін қажетті табыспен қамтамасыз ететін деңгейге дейін есептік тарифті өсіруді қарастыру ұсынылды.

Сондай-ақ, бизнес-омбудсменге шағын дүкендердің бір топ иелері алкогольді тауарды жекелей сатуға лицензиялық алым мәселесі бойынша келді. Олар лицензиялық алымды жыл сайын төлеу қажеттігі жөнінде түсініспеушілік білдіріп, тағы басқа да мәселелер бойынша қолданыстағы заңнамаға өзгерту енгізуді сұрады.

Болат Палымбетов БҚО кәсіпкерлерімен кездесу ойдағыдай өткендігін айтты. «Кездесу бизнес-қауымдастықтың ҰКП-ға, Өңірлік палатаға деген сенімінің артқанын көрсетті. Бұл кәсіпкерлердің көңіл-күйінен көрінеді. Олар көтерген мәселелер бизнес жауапкершілігінің деңгейінен, кәсіпкерлердің біліктілігінен және билекпен әділ қарым-қатынас орнату тілегінен хабардар етеді. Осы сенімді ақтау үшін, Ұлттық палата, міне, осы тұста жұмыс атқару қажет», – деп қорытындылады сөзін бизнес-омбудсмен.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер