«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Екі тарап келісімге келді

2016 жылғы 25 Сәуір
- Батыс Қазақстан облысы
9727 просмотров

Жалға беруші мен жалға алушының арасындағы түйткіл шешілді

Кәсіпкерліктің екі субъектісі арасында дау туа қалған жағдайда, Кәсіпкерлер палатасы құқық қорғау органдарына, сот жүйесіне жүгінбестен, өздері шешуге талпынады.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасына «Ақжол» базарының екі жүзден аса жалға алушысы жалға беру ақысын төмендеткісі келмеген базар әкімшілігіне шағым айта келді.

Жалға алушылардың сөзінше, «Ақжол» базарындағы тұтынушылар саны жылдан жылға азайып, саудадан түсетін пайда кеміп, тым жоғары қойылған жалға беру ақысы тауардың бағасын көтеруге итермелегендіктен, осы жайт тұтынушылардың азаюына себепші болып тұрған көрінеді.

Жалға алушылардың шағымына «Ақжол» базарының директоры Әліби Оразов өзінің қарсы дәйектерін келтіріп, сауда нысандарын заманауи индустрия талаптарына сай етіп жасау үшін, біршама реконструкция жұмыстары жүргізілгендігін, базарға модернизация жасалғанын алға тартты.  

«Сатушылар тек сауда жасауға ғана емес, өз тауарларын жабық, қорғалатын, өрт қауіпсіздігі сақталған электрлі құрылғылары жұнттай боп тұрған су жаңа бутиктерде сақтауға мүмкіндік алды, – дейді Әліби Оразов. – Мұның барлығын «Кәсіпкерліктің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жасадық, енді базардың табысының жартысы несиені жабуға жұмсалып жатыр».

Екі тараптың арасында келісімді орнатуға Палата «Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау  қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің көмегіне жүгініп, жұмыс топтары құрылып, соның нәтижесінде базар әкімшілігі жалға беру ақысын айына 500 мың теңгеге дейін төмендетті.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер