«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес туралы дастарқан басында айтылды

2016 жылғы 04 Мамыр
- Батыс Қазақстан облысы
9665 просмотров

Батыс Қазақстан облысының  Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті дамыту, бизнесті сервистік қолдау, кәсіпкерлерді оқыту мәселелерін талқылау мақсатымен жергілікті БАҚ өкілдеріне арнап таңғы ас-баспасөз мәжілісін ұйымдастырды

«Шағала» қонақүйінің мейрамханасында өткен таңғы ас-баспасөзі қатысушылардың еркін отырып, әңгіме-дүкен құруларына жағдай жасады. Дастархан басында шәй іше отырып тілшілер өңірдің кәсіпкерлігін қолдауға қатысты көкейлеріндегі білгісі келген сұрақтарға жауап алды.

«Облыстық деңгейдегі Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен аудандық Кәсіпкерлерді қолдау орталығы арқылы қызмет көрсетуді қолдау және ақпаратпен қамтамасыз ету қызметін Өңірлік палатаға  қолға алған, – дейді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қаиршин. – Бұл дегеніңіз, белсенді бизнес-қоғамдастықты мүмкіндігінше қамтуға, әсіресе елді мекендерде өз ісін ашқысы келетін кәсіпкерлерді көптеп тартуға түрткі болады».

Нұрлан Қаиршин облыстық және өңірлік филиалдардың 2015 жылғы, сондай-ақ, 2016 жылдың соңғы төрт айында атқарылған істердің қорытындысын жариялады. Палата жетекшісі: «Өткен жылы бизнесті сервистік қолдау аясында 1084 бизнес субъектісіне 1 мыңнан аса қызмет көрсетілген. 2016 жылдың басынан бері бизнеске сервистік қызмет көрсету бойынша 146 кәсіпкерлік субъектісіне 173 рет қызмет көрсетілді. «Бизнес-кеңесші» жобасын жүзеге асыра бастаған күннен бастап, 2015 жылдың өзінде 985 оқушы дәріс алып шықты.  Өткен жылдың 17 қазанынан бастап «Бизнес-өсу» жобасы  іске қосылған болатын. Аталған жоба бойынша 5 топ құрылып, онда 125 адам оқып шықты. «Тәлімгерлік принциптерін қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы аясында дәріс алған тыңдаушылардың есебінен 2015 жылы жеке кәсіпкер ретінде 12 адам тіркелді. Оның бесеуі «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында қаржылай көмек алды. 4 адамға «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасымен қаржылай көмек көрсетілді», – деп мәліметтер берді. Сондай-ақ ол облыс орталығы мен облысқа қарайтын 12 аудан да осы оқу жүйесімен қамтылып отырғанын баса айтып өтті.

«2015 жылы аудандарда, ірі және шағын қалаларда кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылып, Қазақстанда алғаш рет халықты кәсіпкерлік бастамалардың ақпараттарымен таныстырылды, – деп қосты ол, – Адамдар өз мәселелерімен келуі үшін біз әрбір ауылға баруға тырысамыз. Онда мемлекеттік бағдарламалар, қаржы институттары, кәсіпті қалай ашу керек деген сауалдарға жауабымызды береміз. Бұл жаңа іс бастаушы кәсіпкерлердің құқықтық сауатсыздығының төмендігін жояды. Одан ары қарай біз істі ашуға, рәсімдеуге, қаржылай көмек алуға жәрдемдесеміз. Бұл жұмыс екі жылдан бері жалғасып келеді. Нәтижесінде, адамдар кәсіп ашпай тұрып, әуелі Палатаның қызметіне жүгінуде», – деп атап өтті Нұрлан Қаиршин.

Журналистер Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасына байланысты мәселелерге қызығушылық білдірді.

Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасын даярлау барысында өңірлерде қай өндірісті іске қосу керек деген сауалға жауап алу үшін ішкі нарық, Қазақстандағы өзге өңірлердің нарығыс зерделеніп, Қытай, Ресей секілді көрші елдердің нарығы дайындайтын өнімдерге сараптама жасалған.

«Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы – қарапайым электронды карта. Оған енгізілген өңірлік өндіріс орындарының барлығын дерлік кез келген адам көре алады. Карта үнемі жаңартылып және толықтырылып отырады. Ол жерде жүзеге асырылып жатқан жобалар көрсетіліп тұрады. Сондай-ақ, порталдан табиғи шикізат базасы туралы, инфрақұрылым және басқа да мәліметтер ала алады. Бұл Қазақстанда жоқ ерекше нәрсе. Кәсіпкер бір батырманы басып қалса, қажетті ақпаратын алады», – деп түйіндеді Нұрлан Қаиршин. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер