«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесмен болғым келеді!

2016 жылғы 18 Мамыр
- Батыс Қазақстан облысы
11921 просмотров

«Бизнес-кеңесші» ауыл кәсіпкерлерінің санын арттырмақ

Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданында «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша бизнесін бастаған және бастағалы жүрген 33 кәсіпкер біліктіліктерін шыңдады.

Тәжірибелі бизнес-тренерлер Сандуған Исімова мен Нұрлан Әбдрахманов қысқа мерзім ішінде ауылдықтарға бизнес-жоспар құрудың, маркетинг пен қызметшілерді басқару негіздерін оқытып, салық тәртібінің егжей-тегжейін тануды, қажетті ақпараттық ресурстарды пайдалануды үйретті, бизнесті мемлекеттік қолдаудың құралдарымен таныстырды.  

Долина ауылының тұрғыны Шолпан Аишева курсқа жергілікті газетте жарияланған хабарландыру арқылы келіпті. «Қазіргі уақытта үй шаруасындамын. Жасым 48-де. Көршілеріме, туыстарыма түрлі бәліштер пісіріп беремін. Мен пісірген тәтті нандарды көпшілігі ұнатып жатады. Енді міне, достарымның кеңесімен жеке ісімді бастап, ауылда наубайхана ашуды ойлап отырмын. Қазір білім алудамын. Бұрында жеке ісімді ашу туралы ойлағам, алайда қорқақтадым. Екі күннің ішінде білім алып қана қоймай, күш пен сенімге ие болдым. Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Нұрбек Айтбаев менің бастамамды қолдап, кеңес берді», – дейді ол.

«Биыл жеке ісін ашуға тілек білдірген көптеген адамдар жазылды. Көбі өткен жылдың күзінде курстан өтіп, жеке істерін ашып үлгергендердің кеңесімен келіпті. Әлеуетті кәсіпкерлердің арасында ауыл шаруашылығымен, құрылыс материалдарын шығарумен айналысуды және қызмет көрсету саласында жұмыс істеуді қалайтындар көп. Аудан орталықтарында наубайхана, тігін шеберханасын, шаштараз бен киім тазалайтын орталықтар ашуға тілек білдергендер де бар, – дейді Нұрбек Айтбаев. – Барлығына жобаны сүйемелдеуге көмектесеміз. Қазіргі уақытта Шолпан Аишеваға Долина ауылынан наубайхана ашуға және Сары Өмір ауылынан келген Айжан Сәлімоваға қымыз өндіруге көмектесудеміз».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер