«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жастар жұмысшы мамандықтарын игерсе...

2016 жылғы 25 Мамыр
- Батыс Қазақстан облысы
10845 просмотров

Оралда жалпықалалық Кәсіби бағыттау күні өтті

Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімі жалпықалалық кәсіби бағыттау күнін өткізу арқылы мектеп түлектері мен білікті маманға тапшы техникалық және кәсіби білім беру мекемелерін бір алаңға жинауды мақсат етті.

Тоғызыншы сынып оқушыларының у-шуын Студенттер сарайының сахнасына шыққан құрдастары мен олардың Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған кәсіпорындарға жасаған саяхаттан алған әсерлері жайлы әңгімелері сап тыйды. Мәселен, «Оралагрореммаш» зауытында балалар ауылшаруашылық техникалары мен өрт сөндіру көліктерінің қалай жиналатынын өз көздерімен көрсе, ал «Фирма-Родник» ЖШС оларға экологиялық таза «Кристальная» суының өндірістік технологиясын бастан-аяқ көрсетті, «Учебно-научный комплекс опытно-промышленного производства аквакультуры» ЖШС қара уылдырық пен бекіре тұқымдастарын қалай шығаратындықтарын таныстырды. «Зенит» Орал зауыты» АҚ, «ЭКСПО» ЖШС және т.б. кәсіпорындарға жасаған саяхаттан балалар тамаша әсер алып қайтыпты. Оқушылардың айтуынша, топсеруеннен кейін көбі болашақ мамандықтарына таңдау жасаған.

Кәсіпорын өкілдері атап өткендей, оқушыларға өндірісті ішінен көрсетуде өзіндік артықшылықтар да бар.

«Заманауи өндіріске білікті, дайын мамандар қажет, – деді «ЗКМК» АҚ техникалық оқуты бюросының бастығы  Вячеслав Сергеев. – Және бізге өндіріске кездейсоқ адам емес, қызығушылығы бар, маманданған адамдардың келгенін қалаймыз. Сондықтан мұндай саяхат үшін кәсіпорындарымыздың есігі әрдайым айқара ашық».

«Мектептің, техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінің, кәсіпорындар мен жұмыс берушілердің күшін біріктіру арқылы жұмысшы мамандығының беделін көтеруге, сұранысқа ие білікті жұмысшы мамандар дайындауда жаңа деңгейге көтерілуге болады. Болашақ мамандық таңдау адамның бүкіл алдағы өмірін анықтайды емес пе, сондықтан ол кездейсоқ болмауы керек», – деп атап өтті өңірлік палатаның адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Айгүл Әбілқайырова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер